- Негізгі бет
- Аспаздық
- Таңғы асқа нені...
Таңғы асқа нені таңдайсыз?
Таңғы асқа "классикалық" тағамдар қуырылған жұмыртқа мен ботқаның арасында қайсысын таңдайсыз?
Луизиана Университетінің ғалымдары күнделікті он кісіге таңғы асқа қуырылған жұмыртқа, басқа он кісіге ботқа беріп отырған екен. Екі таңғы астың калориясы бірдей болған. Ал әсері ше?
Қуырылған жұмыртқа
Азанмен қуырылған жұмыртқа жегендер түске дейін қарындары ашпай жүрген деген қорытынды жасады ғалымдар. Ал ботқаны таңдағандар түске таман қарындары қатты аш болып отырған екен. Аштық гормоны грелиннің қандағы мөлшері жұмыртқа жегендерде азырақ болды.
Ботқа
Әрине, түрлі ботқалар ағзаға пайдалы тағам қатарына жатады. Бір тәрелке ботқада адам ағзасына қажетті талай пайдалы заттар бар. Мысал үшін қан құрамындағы холестерин мөлшерін төмендететін инозитол. Сондай-ақ дәрумендер, антиоксиданттар да жеткілікті. Сол себепті ботқа әр адамның рационында болуы тиіс. Ғалымдардың айтуынша, ботқаны таңмен жегенше, кешкі ас ретінде қабылдаған жөн. Пайдасы мол болып қалады, алайда, түске дейін қарныңыз да ашып қалмайды.
Ал сіз таңғы асқа не таңдайсыз?
Дайындаған: Сания Аринова
Cурет: vk.com
С. А