- Негізгі бет
- Аспаздық
- Таңертең ішу керек...
Таңертең ішу керек 3 пайдалы шырын
Жаңа сығылған шырын дәмді әрі пайдалы. Оны таңертең ішсеңіз, ағза қаншама энергия мен дәрумендер алады. Алайда, жаңа сығылған шырынды ішудің өз ережелері бар: оны дайындалған бойда бірден ішу керек, әйтпесе, ол 20 минуттан соң өзінің құндылығын жоғалтады. Сондай-ақ шырынды аш қарынға ішуге болмайды. Жаңа сығылған шырынды таңғы астан кейін ішкен жөн. Таңертең ішу керек 3 пайдалы шырынды ұсынамыз.
Апельсин-сәбіз шырыны. Апельсин шырынын таңғы аспен бірге ішу пайдалы екенін көпшілік біледі. Оның құрамында тұмаудың алдын алатын С дәрумені бар. Сәбіз шырыны да дәрумендер мен минералдарға бай: натрий, калий, кальций және темір. Ал апельсин мен сәбіздің қосындысы — иммунитетті қатайтын керемет микс. Алайда апельсин-сәбіз шырыны қандағы қант мөлшерін арттыра алады, сондықтан оны өте көп ішуге де болмайды.
Қызанақ шырыны. Қызанақ шырынында С дәруменінің тәуліктік нормасының жартысы бар. Сондай-ақ ол есте сақтауды жақсартады, зат алмасуды қалыпқа келтіреді және уыттарды сыртқа шығарады.
Көк шырын. Instagram лентасынан көк шырындардың суреттерін кездестірген боларсыз. Ғалымдар мұндай шырындарды денсаулық пен сұлулық сусыны деп атайды. Көк шырындардың (әдетте, ол орамжапырақ/асжапырақ, ақжелкен, алма, лимон, қияр және балдыркөк миксі) құрамында қоректік заттар мол. Мұндай шырынның бір стақанының өзі ағзаны күні бойына энергиямен қуаттайды.
А. Жапатова