- Негізгі бет
- Аспаздық
- Тамызда жеуге ұсынылатын...
Тамызда жеуге ұсынылатын азық-түліктер
Тамыз - егін жинау айы, демек, дастарханымыз көкөністер мен жемістерге бай болуы керек. Бір уақыт вегетариандық мезгіл жариялайық.
Қарбыз
Шөлді піскен қарбызбен басамыз, сонымен бірге бүйрек пен бауырды емдейміз, ісінуден қорғанамыз.
Нәзік жасұнықтың арқасында қарбыз ішекті абайлап жиырылтады және холестириннің шығуына әсер етеді. Бар жоғы 150 грамм қарбыз адамды бір күндік магний нормасымен қамтамасыз етеді, демек, жүйке жүйеңіз күйзеліске төтеп беруге бейім болады. Егер қарбыздың өзін жеуден жалықсаңыз, шырынын сығып алып ішіңіз.
Қауын
Дәмді және шырынды қауын тұтынуға жеңіл қантқа (16-18% және одан да жоғары), ақуыз бен крахмалға бай, сол себепті бір порция тамақ жеумен бірдей. Оның құрамында кремний, С дәрумені, каротин, сонымен қатар органикалық қышқылдар, калий минералды тұздары, натрий мен темір мол, осының арқасында бұл маусымдық азық қан құрамын қалыпқа келтіріп, жүйке жүйесін тыныштандырады.
Қауынның жұмсағынан сорбе дайындайды, сонымен қатар оны жеміс салатына да қосуға болады - ол барлық жеміс-жидектермен жақсы үйлеседі, әсіресе ананаспен.
Баялды
Бұл көкөністен жасалатын мәзір өте көп: баялдыны қуырады, бұқтырады, қыздырып пісіреді, грилде дайындайды, сорпаға, салатқа, қуырдаққа қосады, қыс мезгіліне мұздатып қояды және маринадтайды.
Аспаз ханымдар мерекелік дастархан үшін баялдыны жаңғақ, анар дәнін, ірімшік немесе ветчина салмасымен дайындап, түрлі орамалар жасайды.
Баялдыда кальций, фосфор, темір тұзы көп және В тобының дәруменіне бай. Алайда піскен ірі жемістерді сатып алмау ұсынылады: оларда зиянды соланин жиналады.
Жүзім
Тамыз - жүзім диетасына отыруға тамаша мезгіл.
Бір-жеті күн бойы жүзім жеу - ас қорыту жүйесін жеңілдетуге, ағзаны боқаттардан тазартуға, зиянды холестериннің деңгейін түсіруге көмектеседі. Уылжып піскен жүзім ағзада жақсы қорытылады және ішек қабырғалары мен шырышты қабатын тітіркендірмейді.
Жүзімнің қабығы мен дәнегі қартаюдың алдын алады, өйткені көп мөлшерде фенолды заттектерден тұрады, олар бос радикалдарды бейтараптандырады. Алайда іш қатумен зардап шегетін адамдарға жүзімнің қабығы мен дәнегін жеуге болмайды.
Қара өрік
Қара өріктің пайдасы - дәрумендер мен микроэлементтерде. Олардың ішінде А дәрумені (қошқыл түсті жемістерде көп кездеседі), В1, В2, С және Р. Калий мен фосфор алма мен алмұртқа қарағанда осы қара өрікте мол. Сонымен қатар бұл жемістің құрамында кальций, магний және темір бар.
Қара өрікті салатқа, сорпаға қосуға болады, сонымен қатар ол ет тағамдары мен десерттерге нәр береді. Одан сергітетін шырын және хош иісті қышқылды тосап дайындауға болады.
Қара өрік термиялық өңдеуге төзімді, сондықтан бәлішке жақсы салма бола алады.
Қызанақ
Бұл көкөністің барлық пайдалы қасиеттерін тұтынып қалатын нағыз мезгіл. Піскен қызанақ С дәруменіне, қант, жасұнық, минералдар, органикалық қышқылдар мен пектин заттектеріне бай. Томатты тағамға қосу арқылы кальцийдің сіңуіне атсалысатын және бүйрек жұмысын жақсартатын К дәруменін аласыз, сонымен қатар В тобының дәрумендеріне қанығасыз.
Томаттар әсіресе жүрек-қан тамырлары ауруы кезінде, әлсіздік, қан аздық пен асқазан-ішек жолдарының мәселелерінде пайдалы.
Қызанақ қосылған салатты өсімдік майымен араластырсаңыз көбірек пайдасын аласыз. Өйткені өсімдік майларымен үйлескенде ликопин әдеттегіден жақсы сіңеді.
Жалғасы бар...
Сурет: wday.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina