- Негізгі бет
- Аспаздық
- Тағамдардың дұрыс үйлесімі...
Тағамдардың дұрыс үйлесімі
Ағзаға пайдасын және зиянын тигізетін тағамдар болады. Тамақтануына аса мән беретін адамдар жеміс, көкөніс, ақуыз және басқа да пайдалы тағамдар жеуге тырысады. Кей тағамдардың нақты үйлесімі ағзаға бірнеше есе пайдалырақ бола алады. Ендеше, өте пайдалы тағам үйлесімдерін ұсынамыз.
Салат + өсімдік майы
Калория санауды әдетке айналдырған адамдар майдан толықтай бас тартады. Шикі күйінде көкөністерді жеген соң асқазаныңыз ауыруы мүмкін немесе қолайсыздық сезінесіз. Оның себебі ағзаға мұндай мөлшердегі жасұнықты қорыту оңай емес. Ал өсімдік майы пайдалы заттардың ағзаға сіңуіне ықпал етеді. Пайдалы майлардан қорқудың қажеті жоқ. Сондықтан көкөністі салатты өсімдік майының аз мөлшерімен араластырып жеңіз.
Банан + йогурт
Кальций жақсырақ сіңу үшін оны құрамында инулині бар өніммен бірге жеу керек. Инулин сарымсақ, пияз, бидай, жералмұрт және бананда болады. Бұл тізімнің ішінде банан ғана дәмі жағынан йогуртпен жақсы үйлеседі.
Асжапырақ (шпинат) + құлпынай
Егер ағзаңызға темір жетіспесе, осы әдісті қолданған жөн. Асжапырақта шамамен 3 мг темір бар, бірақ ол С дәруменімен бірге жақсырақ сіңеді. С дәрумені құлпынай, лимон, киви және басқада жемістерде бар. Асжапырақ пен құлпынай – үйреншікті үйлесім емес, бірақ екеуінен салат жасап, аздап лимон суымен араластыруға болады.
Алма + қара шоколад
Алмада кверцетин, ал қара шоколадта катехин бар. Бұл екі антиоксиданттың үйлесімі жүрек жұмысын жақсартады және қанды сұйылтады. Барынша пайдасын алу үшін пайдалы десерт дайындаңыз. Ол үшін буда шоколадты ерітіп, оған алма бөліктерін бір малып шығыңыз. Содан соң тоңазытқышқа бір сағатқа салып қойыңыз.
Жасыл шай + лимон
Жасыл шай қандағы қант деңгейін реттейтін және зат алмасуды жылдамдататын антиоксиданттарға бай. Көптеген изерттеулер лимон шайдың пайдалы заттарының сіңуін бірнеше есе жақсартатындығын айтады.
Жидектер + сұлы жармасы
Сұлы жармасында да, жидектерде де күшті антиоксиданттық қасиеттерге ие фитохимикалий бар. Бұл өнімдердің үйлесімі ағзаға өте пайдалы. Сонымен қатар, жидек қосылған сұлы жармасы қандағы қант деңгейін азайтады және тою сезімін ұзаққа сақтайды.
Кофе + даршын
Даршын қара кофеге арналған керемет қосымша болып табылады. Бұл дәмдеуіште калория жоқ және антиоксиданттарға бай. Даршын зат алмасу процестерін жылдамдатады, ал оның кофемен үйлесімі арықтауға көмектеседі.
А. Жапатова