Тағам қоспаларымен қаншалықты таныссыз?

Тағам қоспаларымен қаншалықты таныссыз?
Фото: zozh74.ru

Дүкен мен супермаркеттен тамақ аларда өнімнің құрамын қарайсыз ба? Қант және оны алмастырушылар, тұздар, бояғыштар секілді химиялық заттармен қаншалықты таныссыз? Егер осы уақытқа дейін бұған назар аудармасаңыз, енді көңіл бөлуді ұсынамыз.

Адамның тағам қоспаларымен таныс болғанына бірнеше мыңжылдық өтті. Өйткені, олардың қатарына қоспалардан бөлек тұз да кіреді.

Жыл сайын олардың қатары артып келеді: қазір олардың құрамына тағамның жарамдылық мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін химиялық элементтер кіреді. Дәрігерлердің өзі түрлі дерттің бастауы тамақтан екенін жасырмайды.

Тағам қоспасы деген не?
Тағам қоспасы – өндіріс, қаптау, тасымалдау мен сақтау барысында технологиялық мақсатта қолданатын заттар. Олар тағамның түрін, дәмін, иісін сақтауға көмектесе отырып, жарамдылық мерзімін ұзарта түседі.

Дегенмен, қаптамадан «Е» дегенді көріп, бірден қолданудан бас тартпаңыз. Оның қаншалықты қолданысқа жарамды екенін білу үшін, толықтай зерттеуді керек. Тағамдық қоспаны белгілеу үшін «Е» әрпінен бөлек, үш не төрт саннан тұратын арнайы код көрсетіледі.

Ал, «Е» индексі («Europe» сөзінен шыққан) Еуропалық одақ көлемінде тағамда арнайы қоспалардың барын білдіреді. Оны арнайы Халықаралық жіктеу жүйесі (INS) арқылы бекітеді.

– Е100-ден Е182 дейін — бояғыштар;
– Е200-ден бастап — консерванттар;
– Е300-ден бастап — антиоксиданттар мен тотықсыздандырғыштар (тотығу үрдісін баяулатып, қышқылдық ортаны бірқалыпты сақтайды);
– Е400-ден  Е430 дейін  — тұрақтандырғыш және қоюлатқыш;
– Е430-ден  Е500 дейін — эмульгатор;
– Е500-ден  Е520 дейін — ұлғайтқыштар(разрыхлители)
– Е620-ден Е642 дейін — тағамның дәмі мен иісін күшейткіштер;
– Е642 -ден Е899 дейін  — қосымша индекстер;
– Е900-ден Е1521 дейін — қантты алмастырушылар (подсластители) және көгеріп кету, көпіршіктердің туындауынан сақтаушылар.

Қауіпті және зиянды Е қоспалары:
Мұндай тағам қоспалары бар өнімдерді пайдаланбауға кеңес береміз. Тек арықтау үшін емес, деніңіздің саулығы үшін де маңызды.

•E102 — тартразин. Демікпе тудыру қаупі бар;
•E110 — сары түсті бояғыш. Аллергия тудырып, жүрек айнытады;
•Е122 — азорубин, кармуазин. Аллергия туындауы мүмкін;
•E123 — амарант. Ұрықтың жүрегінің дамуына әсер етеді. Бүйректе әктің жиналуына алып келеді;  
•Е124 — понсо 4R. Канцероген. Демікпе дертін тудырады;
•Е127 — эритрозин. Қалқанша безінің шектен тыс белсенділігіне алып келеді;
•E129 — Қызыл түс. Канцероген;
•Е132 — индигокармин. Жүрек айну, қан қысымының көтерілуі, аллергияға себепші;
•E200 — сорбин қышқылы. Терідегі қабынулар; 
•E210 — бензой қышқылы. Демікпе дертін ушықтырады;
•Е211 — натрий бензоаты;
•Е216–Е217 —  бензой қышқылының тұздары;
•Е220 — күкірт диоксиді. Ішектің қабынуына алып келеді;
•Е221 — натрий сульфаты. В1 мен Н витаминдерін ыдыратып, олардың жетіспеушілігін тудырады;
•E235 — пимарицин, натамицин. Аллергия, жүрек айну мен диареяға себепші;
•E249 — калий нитриті. Балаларға болмайды;  
•Е250 — натрий нитриті. Канцероген болуы мүмкін (ісік тудырушы зат);
•Е251 — натрий нитраты. Ағзада канцерогенге айналады;
•Е322 — лецитиндер. Негізі лецитин — пайдалы заттардың бірі. Бірақ, қоспа ретінде оның трансгенді соядан алынған ГМА түрі пайдалынылады;
•Е450 — пирофосфаттар. Шектен тыс қолдану остеопороз (сүйектің мүжілуі) мен бүйректе тастың пайда болуына себепші болады;
•Е512 — қалайы хлориді. Консервтерде кездеседі. Жүрек айну үрдісін тудырады;
•Е621 — натрий глютаматы. Егер шектен тыс қолданса, улануға алып келеді;
•Е622 — калий глутаматы  (фаст-футтарда жиі кездесетін, кеңінен таралған тағамдық қоспа). Диарея, жүрек айну мен улануға алып келуі мүмкін; 
•Е926 — Хлор диоксиді. Канцероген;
•Е951 — аспартам. Бас сақинасы мен теріде түрлі қабынуларды тудырады. Одан бөлек ми жұмысына әсер етеді.

тағамдық қоспалар

Аса зияны жоқ қоспалар:

•E140 – хлорофилл (өсімдікке жасыл түс беретін қоспа);
•E141 – хлорофилл мен хлорофиллиндердің мыспен араласқан жиынтығы;
•E150a, E150b, E150c, E150d – қант алмастырғыштар;
•Е152 – көмір;
•E162 – қызылша түсті қызыл (бетанин);
•E163 – антоциан (өсімдік пигменттері);
•E170 – кальций корбанаты (бор);
•E181 – таниндер;
•E202 – калий сорбаты (табиғи консервант);
•Е260 – сірке қышқылы;
•E270 – сүт қышқылы;
•E290 – газды сусындарға қосылатын көмірқышқыл газы;
•E296 – алма қышқылы;
•E297 – фумары қышқылы;
•E330 – лимон қышқылы;
•Е406 – агар–агар (бактериялардың табиғи ортасы);
•E420 – сорбит, сорбит шырыны;
•Е500 – ас содасы;
•Е507 – тұз қышқылы;
•E901, E902, E903 – балауыз;
•E905b, E905c – вазелин және парафин;
•E906 – бензой қарамайы (смола);
•E913 – ланолин;
•E954 – сахарин және оның натрий, калий, кальций тұздары;
•E955 – сукралоза (трихлоргалактосахароза).
 
Пайдалы тағам қоспалары:
•E100 — куркуминдер  (куркума негізінде жасалады);
•E101 – рибофлавин ( B2 дәрумені);
•E106 – рибофлавин–5– натрий фосфаты;
•Е160a – каротиндер, қасиеті жағынан А дәруменіне ұқсайды;  
•Е161b – лютеин. Көздің көру қабілетін жақсартады;
•E300 – аскорбин қышқылы (С дәрумені) иммунитетті көтеруге септігін тигізеді;
•E306 – Е309 – токоферолдер ( Е дәрумені);
•Е440 – пектиндер, ішекті тазартып, улы заттарды алып шығуға көмектеседі;
•Е641, Е642 – L–лейцин және лизин – пайдалы амин қышқылдары;
•Е916, Е917 – кальций иодаты. 

Т. Есқали