Мамыр айы жақындап келеді, ал ол табиғат аясына демалуға шығатын уақыттың келгендігін көрсетеді. Бұл достармен кездесуге, көңілді уақыт өткізуге және ештеңе ойламастан табиғатта демалуға жақсы себеп. Ендеше, табиғат аясына қандай тағамдар алып шығуға болады? Тамақтар мен сусындарсыз пикник болмайды. Себебі, табиғат аясында жеген тамақ ерекше дәмді көрінеді. Жылдам бұзылатын тағамнан абай болыңыз. Пикникке өзіңізбен бірге тоңазытқыш-сөмке алған жөн. Егер ол болмаса, пакеттің астына алдымен салқын сусындарды салып, содан соң бетіне тамақты салыңыз. Табиғат аясында дайындалатын басты тағам кәуап. Көп жағдайда кәуапты дайындауды ер адамдар өз мойнына алады. Сол кезде әйелдерге қосымша тіскебасар тағамдар қалады. Үйден алдын-ала салат дайындап қоюдың қажеті жоқ, оның бұзылып кету қаупі басым. Салатты сол жақтан турап, дайындауға немесе үйден араластырмай, тек турап әкелуге болады. Сонымен қатар, үйден салқын сусын дайындап алуға да болады. Үйден дайындауға болатын жеңіл тағамдарды ұсынамыз. Мәзір: Картоп қосылған тоқаш Мереке мәзірі: Самса Массагеттен мәзір: Чебуректер Массагеттен мәзір: Корн-дог Массагеттен мәзір: Орама бутерброды Массагеттен мәзір: Жылдам дайындалатын тіскебасар Мәзір: Учпучмак Массагеттен мәзір: Картоп езбесінен жасалған котлет Массагеттен мәзір: Үй жағдайында дайындалған KFC Массагеттен мәзір: тез дайындалатын салат (4 минут) Массагеттен мәзір: Дәруменге толы салат Массагеттен мәзір: Балғындық салаты Массагеттен мәзір: Сүзбе қосылған тоқаш Массагеттен мәзір: Шоколад-жаңғақты кекс Массагеттен мәзір: Сүзбе кексі Массагеттен мәзір: Мохито Массагеттен мәзір: Мохито #2 Тархун сусынын дайындау әдісі