Тәбет ашатын тәтті бояулар

Тәбет ашатын тәтті бояулар

Тағамның түріне қарап тәбеті ашылатын қазақтарға неміс өнертапқыштары аэрозольды азық-түліктік бүріккішті ұсынады.

“Food Finish” деген атауы бар дүниені “Deli Garage Food Cooperative” орталығы өндіріп отыр. 100-миллилитрлік кішкене баллонның көк, алтын, күміс, қызыл түстері аспаздық өнердің мүмкіндігін ұшпаққа шығармақ. Иісі мен дәмі жоқ түстердің денсаулыққа еш зияны жоқ әрі кез келген тағамды бояй беруге болатын көрінеді.

"Әр алуан түстегі көліктер қалай ұнаса, сол түске көмкерілген қызанақтар да солай ұнайды, - деп “Deli Garage Food Cooperative” компаниясының менеджері айта келе, - ендігі таңда азық-түліктің түсіне қарап таңдап жату деген болмайды. Кез келген өнімді бояп қойсаңыз болғаны. Көздің жауын алары сөзсіз", - деп қорытындылайды.

Ендеше, көк құлпынай мен күміс апельсин жегісі келетін адамдарға бүріккіштің бағасы 32 доллар тұрады дегіміз келеді.

сурет:gorpom.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига