- Негізгі бет
- Аспаздық
- Сіздің тамақты дұрыс...
Сіздің тамақты дұрыс пісірмейтініңізді көрсетететін 6 қателік
Тамақты дәмді пісіру тәжірибені қажет ететіні рас. Аспаздыққа ден қойғандардың көпшілігі жіберетін қателіктерді осы мақалаға жинақтадық. Мұны да біле жүрген артық болмайды.
Дәмдеуіштерді тым көп қосу
Кей аспаздар мансабының басында бір тағамға ондаған дәмдеуіш қолданады. Тағамның құрамына 3-4 хош иісті дімдеуіш қана қосылуы керек.
Табаны қажет деңгейде қыздырмау
Ет, балық немесе көкөністерді қуырар алдында табаны 5-7 минут қыздыру керек. Осылайша, тағам дәмді және шырынды болады, ал оны дайындау әлдеқайда аз уақытты алады.
Қуыру кезінде тағамды үнемі былғап тұру
Егер қуыру кезінде тағамды қасықпен немесе шпательмен үздіксіз араластырып отырсаңыз, тағам қуырылғанға қарағанда бұқтырылғанға ұқсап шығады. Аспаздар ингредиенттерді тек аударып тұру керек екенін, және мұны бірнеше минутта бір реттен артық жасамау керегін айтады.
Тым көп су құю
Кей адамдар су немесе шарапты тым көп қосады. Қайнату мен бұқтырудың айырмашылығы бар! Сұйықтықты бірте-бірте қосқан дұрыс, өйткені ол пісу кезінде буланып кетеді.
Тұздыққа тым көп крахмал қосу
Соусты қойылту үшін ұн немесе жүгері крахмалы қосылады. Аспаздар пікірінше, мұны жасамаған дұрыс. Қажетті консистенцияға қосымша қоюландырғыштар емес, негізгі ингредиенттер көмегімен қол жеткізу керек.
Бір ингредиентті басқасына ауыстыру
Кей адам рецептте жазылған ингредиент жоқ болса, оны ұқсасына алмастырады. Аспаздық тәжірибеңіз көп болмаса, нәтиже жағымсыз болуы мүмкін. Сондықтан мұндай әдіске әуестенбеңіз.
А. Оралқызы