- Негізгі бет
- Аспаздық
- Сіз атын білмейтін...
Сіз атын білмейтін 7 ерекше тағам
Әлемде біз үшін ерекше түрлі тағамдар бар. Олардың кейбіреулерінің түрі таныс болса да, атын біле білмейміз. Сіз атын білмеуіңіз мүмкін 7 ерекше тағамды ұсынамыз.
Суширито – суши мен бурритоның қосындысы. Атауы (тағамның өзі де) Калифорнияда ойлап табылған. Бұл тағамға сушиден балдыр, нори және күріш берілсе, бурритодан оның үлкен көлемі алынған. Суширитоны балық, көкөніс, теңіз өнімдері, саңырауқұлақтардан дайындап, азиялық және латиноамерикалық тұздықтармен ұсынады.
Серрадура – Макаодағы ең атақты десерт, ол өз атауын «үгінді» сөзінен алды. Оны үйден дайындау оңай: кілегейді (сливки) қойылтылған сүтпен миксердің көмегімен араластырып, үгітілген печеньемен қабаттап салады. Содан соң тоңазытқышта бірнеше сағат тұру керек.
Адзырдз – мацони мен аджикадан дайындалған абхаздық тұздық. Оны сөзбе-сөз аударғанда «тұзды су» дегенді білдіреді. Оны жиі қаймақпен де дайындайды, бірақ мацонимен жақсырақ шығады.
Ашлян фу – ұйғыр асханасының дәстүрлі тағамы. Оны дайындау үшін суға піскен кеспені пісірілген крахмал бөліктерімен, жіңішке етіп туралған омлетпен және көкөністермен араластыру керек. Бұл тағам Қырғызстанда да кеңінен таралған.
Нанбазуке – тұздыққа жатады. Мысалы, онымен майға қуырылған ставриданы (теңіз балығы) маринадтайды. Тұздық оған қышқыл-тәтті дәм береді. Жапондар үшін бұл тағам бірнеше ғасыр бұрын еуропалық мәдениетпен және ас үймен танысу кезеңінде «авангардтық» болды. «Нанба» – «шетелдік», «зуке» – «маринадталған» дегенді білдіреді. Еуропалықтар Жапонияға бұрын белгісіз чили-бұрыш пен пияз әкелген. Бұл ингредиенттер жылдам тарап кетті. Соның негізінде «нанбазуке» тұздығы пайда болды. Ол классикалық жапондық хондашиден, күріш сірке суынан, соя тұздығынан, қанттан және ащы бұрыш пен пияздан тұрды.
Кокореч – танымал түрік фаст-фуды, қойдың қуырылған ішек-қарны. Қозының жүрегі, бауыры, өкпесі және бүйрегін істікке тізіп, ішекпен орап, қуырады. Содан соң ұсақтап, дәмдеуіштермен араластырады. Оны хот-дог секілді бөлке нанның ішіне салып береді немесе көкөністермен ұсынады. Ол тойымды, ащы және өте дәмді болып шығады.
Кюкю – әзірбайжан көкөністі омлеті. Көкөністің мөлшері жұмыртқа-сүтті қоспадан да көбірек болады.
А. Жапатова