Сүзбеден жасалған бәліш

  Құрамы:

жұмыртқа—3 дана; қант—0,5 стақан; сары май—100 грамм; ұн—1 стақан; қамыр қопсытқышы—0,5-1 шай  қасық; сүзбе—200 грамм; қаймақ—1 ас қасық;

 

 Дайындалу тәсілі:

Жұмыртқа мен қантты араластырып, ұзақ шайқаңыз.


Оған үккіштен өткізілген майды қосып араластырыңыз.


 Қоспаға алдын ала қопсытқыш қосылған ұнды сеуіп, жақсылап араластырыңыз.

 

 Сүзбеге қаймақ қосып, араластырыңыз. Кейін оны алдында дайындалған қоспаға қосыңыз.


Қамырды 160-180 градусқа қыздырылған пешке 15-20 минутқа қойыңыз.


 Бәліш дайын. Асыңыз дәмді болсын! Істеп көріп, ойыңызды форумға жазыңыз.

Автор: Мөлдір Медетбекова