Жапониялықтар жейтін тағамдардың денсаулыққа пайдасы мол. Мемлекетте картоп пен бидай егетін жер аз болғандықтан, көкөністерді аз тұтынады. Мұнымен қатар, мемлекет халқының көп бөлігі будда дінін ұстанады. Дін ережелеріне сәйкес жануарлар мен төрт түлік малдың етін жемеуге тырысады. Олардың орнына балық, теңіз өнімдерін, күрішті көбірек жейді. Осының арқасында ұзақ өмір сүріп, дене бітімдері мінсіз болады.
Сушиді теңіз өнімдерінен, күріштен және балықтан әзірлейді. Оның қанша түрі бар екенін нақты айту қиын. Солардың бірі — макидзуси. Біз оны «ролл» деп атаймыз. Дәстүрлі суши бір түйір күріштен, шикі балық пен соя тұздығынан әзірленеді.
Еуропаға бұл тағам Америка арқылы келген. Кейде жапониялықтар шетелде жүріп суши жеген кезде қатты таңқалады. Себебі әлем асханасындағы суши жапониялықтардыкінен әлдеқайда өзгеше. Әдетте америкалықтар бұл тағамға кептірілген тауық, «Филадельфия» ірімшігін, черри қызанақтарын және т.б. қосады. Мұның барлығы да жапон асханасында көп кездесе бермейді әрі денсаулыққа зиян.
Роллдың құрамында күріш өте аз. Оның құрамында денсаулыққа пайдалы түрлі зат бар. Ол - B, E және PP, калий, кальций, темір, фтор сынды заттар.
Сушидің құрамында балықтың майлы еті болады. Балықтың майы жануардың немесе төрт түлік малдың майымен салыстыруға келмейді. Ол холестерин деңгейін көтерудің орнына түсіреді. Осының арқасында жүрек ауруларын алдын аламыз.
Балық майы дәрумендерге толы қоспа секілді. Оны жануардың немесе төрт түлік малдың майы секілді ағзада сақталып қалмайды.
Суши таңдаған кезде ащы тұздық — васаби туралы ұмытпаңыз. Ол тәбетті ашып қана қоймай, дезинфектор қызметін атқарады. Әдетте жапониялық аспаздар сушиді тек шикі балықтан жасайды. Олар оны өңдеместен тұтынады. Құрамындағы пайдалы заттардың сол күйінде сақталғанын қалайды. Ал мұндай етте көзге көрінбейтін паразиттер жүруі мүмкін. Васаби оны өз кезегінде бактериясыздандырады.