- Негізгі бет
- Аспаздық
- Суши пайдалы ма...
Суши пайдалы ма әлде зиян ба?
Теңіз өнімдерінің пайдасы туралы жиі естиміз. Дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдардың көпшілігі күнделікті тамақтануына балықты, соның ішінде оны суши түрінде қосады. Мұндай диетаның зияны бар ма?
Пайдасы
Сушиді жеуге болады, ол қажетті де. Бұл тағамда қолданылатын ингредиенттердің сөзсіз пайдасы бар. Бастысы – орынды қолдану керек. Егер уақытында тоқтап, дастарқаннан жеңілдік сезімімен тұра алсаңыз, барлығы жақсы. Себебі суши құрамына мыналар кіреді:
- Балық. Бірінші кезекте ол омега-3 майлы қышқылымен бағалы. Ол ағзаға кешенді әсер етеді. Олар холестерин деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді, жүрек-қан тамырлары жүйесіне жақсы әсер етеді, ұйысқан қанның түзілу қаупін азайтады және кальций сіңірілуін жоғарылатады. Омега-3 майлы қышқылын уақытылы қолдану тері және шаш жағдайын да жақсартады. Сонымен қатар, балықта сүйекке, тіске қажетті фосфор бар.
- Күріш. Күріште В тобының барлық дәрумені, аскорбин қышқылы, РР, Н және басқа да микроэлементтер бар.
- Балдыр. Кальций, магний, калий, йод, натрий, кремний, марганец, фосфор, күкірт, A, B1, B2, B3, B6, B12, C, D, E, R, PP дәрумендері, ферменттер, көп қанықпаған май қышқылдары, полисахаридтер – бұлардың барлығы балдырларда бар. Бірақ бастысы – ол, әрине, йод. Йод – қалқанша безінің қалыпты жұмысына қажетті элемент.
- Васаби. Бұл ерекше дәмдеуішті «жапон қышасы» деп те атайды, алайда шығу тегі бойынша ол қырыққабатқа жақын. Васаби тыныс алу ағзалары ауруларымен күресуге көмектеседі. Жапондар васабиді онкологиялық аурулар терапиясына қолданады.
Зияны
Тіпті, пайдалы тамақтарды да артық қолдану кері әсерін береді. Бұл жапониялық асүйге де қатысты.
- Балық. Қызыл балық денсаулыққа зиянды метилсынап қосылысын жинайтыны анықталды. Ол мұхитта бактериялар әрекетінің нәтижесінде сынаптан түзіледі. Сондықтан суши сүйетіндерге теңіз ирекшелері, кальмарлар және теңіз шаяндары бар тағамдарды алу ұсынылады. Себебі оларда зиянды қосылыс аз түзіледі.
- Күріш. Күріш артықтығы – көмірсу артықтығы. Сонымен қоса, күріштің көп мөлшері іш қатуды шақырады.
- Балдыр. Жоғарыда айтылған йодтың пайдасы, оны көп қолдану кезінде кері әсерін береді. Егер ағзада йодтың артық мөлшері түзілсе, біріншіден, аллергияға, екіншіден, қалқанша безі жұмысының бұзылуына әкеледі.
- Васаби. Егер жүректе және қан тамырларында проблема болса, васабиді көп мөлшерде қолдану артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Ұстамдылық – дұрыс тамақтану кілті, ол жапон асүйі тағамдарын қолдануға тікелей қатысты. Қандай тамақты болмасын үнемі мөлшерден тыс жеу – ағзаға зиянын тигізбей қоймайтынын ұмытпаңыз.
А. Жапатова