Суши жеу мәдениеті

Қазір жапон ұлттық тағамдары, дәлірек айтсақ, суши үлкен танымалдыққа ие болды. Біздің елімізде де суши мейрамханалары көбейіп, ролл мен сушиларды үйде де жасап жатады. Бірақ өз отанында суши жеудің талаптары бар екенін білесіз бе?

Дәл солай. Сушиді жай ғана алып, ауызға салып, шайнай беруге болмайды! Назарларыңызда суши жеу мәдениетінің ережелері. 

Суши мейрамханасына бармас бұрын, жапон таяқшаларының дұрыс қолданысын көріп, үйренген жөн.  


Суши мен роллдарды таяқшалармен алыңыз. Бірақ таяқшаларды сушидың ортасына тықпаңыз

Таяқшаларды мүлде қолдана алмаймын десеңіз, шанышқы қолданбай, сушиді қолыңызбен-ақ жеуге болады. 

Таяқшалармен суши жеу барысында таяқшаларды үстелдің үстіне қоймаңыз. Маманданған суши мейрамханаларында таяқшаларды қоятын арнайы тіреуіштер ұсынылады. Егер сізге ондай бермесе, қағаз майлығынан өзіңіз осындай тіреуіш жасап алыңыз.   

Кейде жапон таяқшаларының сапасы жақсы болмай, таяқшаның шеттерінен ағаштың ұштары шығып тұрады. Оларды алып тастау үшін екі таяқшаны біріне-бірін ысқылаңыз

Ортақ табақтан тамақ алғанда таяқшаны басқа ұштарымен алыңыз. 

Жапон мейрамханаларында ұсынылатын соя тұздығына сушидың балық жағын малып жеңіз.

Күріш жағын соя тұздығына малмаған дұрыс. Бұлай сушидың дәмін құрта аласыз. 

Ащы васаби тұздығын абайлап жеңіз. Көпшілік васабидің ащысынан қорқып, оны соя тұздығымен араластырады. Бұл сушидың дәмін құрта алады. 

Ал сіз суши мейрамханаларына жиі барып тұрасыз ба?

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: veg-it.com.ua