Жапондықтардың дәстүрлі асы – суши әлем бойынша үлкен танымалдылыққа ие. Балық пен күріштен әзірленетін жеңіл тамақтан қазірде кез-келген мейрамханадан дәм татуға болады. Бірақ мұндай сушиді сіз еш жерден көре алмайсыз.
Жапондықтар өмірінің кез келген саласына шығармашылық көзқараспен қарайды. Дәстүрлі тамақ саласында да олардың ролдары басқа халықтардың ұлттық асынан айырықша.
Ал Такайо Киота есімді суши аспазы түрлі салма көмегімен сушидің бетіне түрлі суреттер салуға дағдыланып алған екен. Ол өз сушиларын «Nikkori-zushi» немесе «қызықты суши» деп атайды. Ең сәтті деген суши-суреттерді ол өзінің блогына жариялап отырады.
Адамның, жануарлардың қызықты кейіптегі беттері Такайоның сушиларында жиі кездеседі.
Гүлдер, ерекше жазуларды да байқай аласыз.
Қыз болғаннан кейін осындай романтикалық нақыштағы ролдар да бар.
Бірақ оны танымал қылған мынандай қызықты, түсініксіз қалжың суреттер.
Такайо суреттерді түрлі түсті салма мен нори жапырақтарының көмегімен "салады".
Ролдар оралып әзірленетіндіктен суреттің нақты қандай болып шығуын болжау өте қиын. Сол себепті де Такайоның ерекше сушилары зор атаққа ие болды.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: Такайо Киотаның facebook-тағы парақшасынан алынды