- Негізгі бет
- Аспаздық
- Супермаркеттен сатып алмауға...
Супермаркеттен сатып алмауға кеңес берілетін 14 тағам #2
Супермаркеттен жылдам дайындалатын әрі денсаулыққа пайдалы тағамдарды сатып алуға болады. Олар жеміс-жидек, көкөніс пен жаңғақ болуы мүмкін. Аталған азық-түліктер арнайы безендірілген қаптамада сатылмаса да, өзіңіздің не нәрсе сатып алып жатқаныңызды жақсы білесіз.
♦ Шала фабрикат тағамдар. Натрий, май, тазартылған қант, ұн мен түрлі қоспа мұздатылған тағамдардың құрамында өте көп мөлшерде кездеседі. Шала фабрикат тағамдардың дайындалуы қанша оңай болса да, оларды мұздатылған ет, балық немесе көкөністермен алмастырғаныңыз жөн.
♦ Өсімдік майы. Жержаңғақ, рапс, соя, шафран майларының пайдасынан зияны басым. Сондықтан, оларды какос, зәйтүн, зығыр майымен алмастыруға болады.
♦ Пісірілген тағамдар. Наубайшылар бәліш, пирог сынды тағамдарды пісіруде құрамында ұны мен қанты көп қоспаларды пайдаланады. Мұнымен қатар, құрамында жүгері мен соя болуы мүмкін. Өз қолыңызбен жасаған тағамнан артығы жоқ. Немесе сатып алып тұрған азық-түлігіңіздің қаптамасындағы жазуды мұқият оқыңыз.
♦ Салатқа арналған дәмдеуіштер. Бөтелкеде сатылатын дәмдеуіштердің құрамында қант, хош иістендіргіштер мен түрлі қосынды болуы мүмкін. Мұндай қоспалар денсаулығымызға зиянды әсерін тигізеді. Сол себепті, дәмдеуіштерді өзіміз жасаған әлдеқайда тиімді. Жылдам әрі дәмді.
♦ Күрішке арналған қораптағы қоспалар. Әдетте мұндай қоспалар өте қымбат болады. Ақшамызды үнемдеу үшін көкөністермен алмастыра аламыз.
♦ Шоколад батончиктер немесе протеинді батончиктер. Оларды денсаулыққа пайдалы тағам ретінде ұсынады. Шындығында өзгелерінен еш айырмашылығы жоқ. Батончиктердің құрамында қант, май және калория өте көп мөлшерде кездесетіндіктен, жеміс-жидекпен, жержаңғақпен алмастыра аламыз.
♦ Дайын түскі ас немесе көкке шығуға арналған жинақтар. Бұл жағдайда ақшаны тағамның қаптамасы мен пластик ыдыс үшін төлейтініңізді ескеріңіз. Жұмысқа түскі ас ала барғыңыз келе ме? Оны өзіміз дайындау арқылы асқазанымызды дәмді әрі пайдалы тағаммен қамтамасыз етеміз.
♦ Бөтелкедегі су. Үйіміздегі шүмекке фильтр орнату арқылы түрлі аурудың алдын аламыз. Үнемі өзіңізбен бірге денсаулыққа зияны жоқ пластик бөтелкеге тазартылған су құйып ала жүріңіз. Осылайша ақшаңызды үнемдейсіз.
Ал Сіз әдетте супермаркеттен қандай тағамды сатып алмауды жөн көресіз? Және не себепті?
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай