- Негізгі бет
- Аспаздық
- Студент ас үйі:...
Студент ас үйі: Қамырсыз пицца
Студенттер әдетте пицца дайындау үшін қамырын жасауды ауырсынады. Қамырсыз пицца дайындап көрейік. Ол үшін бізге керегі:
— 400 г картоп;
— 300 г қызанақ;
— 200 г пісірілген (вареная) шұжық;
— 300 г қатты ірімшік (сыр);
— 1 болгар бұрышы;
— 4 жұмыртқа;
— дәмдеуіш;
— 150 мл сүт.
Картопты қабығынан тазалап, жуып, жұқа тіліктерге (3-4 мм) бөлеміз. Қаңылтыр табаға аспаздық арнайы төсеніш төсеп, үстіне картоп тілімдерін суреттегідей орналастырамыз. Дәмдеуіш сеуіп, 180 градуста пеште 20 минут ұстаймыз.
Картоп піскенше салмасын дайындаймыз. Шұжық пен болгар бұрышын төртбұрыштылап тураймыз. Қызанақты тілімдерге бөлеміз. Тураған өнімдерімізді піскен картоптың үстіне төсеймізЖұмыртқа мен сүтті араластырып, үстіне құямыз. Тағы да жарты сағатқа пешке саламыз. Піскен соң үстіне үккіштен сыр өткіземіз. Ірімшік ерігенше 3-4 минут пеште ұстаймыз. Қамырсыз пиццамыз дайын.
@. @assel_assanova