- Негізгі бет
- Аспаздық
- Студент ас үйі:...
Студент ас үйі: жеңіл салат
Фото:
mykaleidoscope.ru
Бадана, сыр мен қытырлақ нан қосылған салат дастарқанның сәнін берері сөзсіз. Ерекше дәмге ие бұл салат той, туған күн кешіне, кешкі асқа лайық.
Салатты дайындау үшін бізге:
- 1 банка қызыл бадана;
- 1 банка консервіленген жүгері;
- 150 гр қалың сыр;
- 3 қайнаған жұмыртқа;
- сарымсақ;
- майонез;
- тұз бен бұрыш;
- 2 алақан қытырлақ нан керек болады.
Бадана мен жүгерінің шырынын төгіп тастаңыз. Табаққа салып, жұмыртқаны ұгітіп, сарымсақты ұсақтап тураңыз. Сырды ірі үккішпен үгітіп, табаққа салыңыз. Тұхдап, бұрыштап, майонезбен араластырыңыз. Салатты ыдысқа салып, үстінен қытырлақ нан қосыңыз. Дастарқанға қояр кезде араластырып алыңыз.
Ас болсын!
Ф. Абилова