Студенттер тез дайындалатын әрі қалтаға салмақ түсірмейтін асқа құмар. Ендеше, асқабақ пен қызанақтан сорпа жасап көріңіз.
Керекті тағамдар:
- 500 грамм асқабақ;
- 3 тал сарымсақ;
- 500 грамм қызанақ;
- 1 ас қасық тұз
- 1 жуа;
- 1 болгар бұрышы.
Дайындау әдісі:
Асқабақты тұқымынан тазалап, жуып, ірі төртбұрыштарға бөлеміз.
Болгар бұрышын да тазалап, майдалап тураймыз.
Жуаны аршып, турап, майға қуырамыз.
Үстіне асқабақты салып, 5-7 минут қатты отта ұстаймыз, одан соң отты жайлатын, тағы 5 минут қуырамыз.
Үстіне майдалап туралған сарымсақ саламыз.
Қызанақтың қабығын ашып, майдалап турап саламыз.
Үстіне қалауымызша тұз, дәмдеуіш салып, су құямыз.
Жеңіл асымыз дайын.
Бетін көк шөптермен әрлесеңіз болады.