- Негізгі бет
- Аспаздық
- Студент ас үйі:...
Студент ас үйі: Алма қосылған күріш пудингі
Пудинг – ботқадан, сүзбеден, жемістен қарып пісірілетін қаттама тағам. Бүгін сіздерге алма қосылған күріш пудингінің мәзірін ұсынамыз. Бұл түк те қиын емес. Таңғы асқа дайындап жеуге немесе мерекелік дастарханға қоюға болады.
— 40 грамм сары май;
— 200 грамм күріш;
— 0,5 шай қасық ванильді секер;
— 3 жұмыртқа;
— 500 миллилитр сүт;
— 100 грамм секер;
— 60 миллилитр лимон шырыны;
— 2 алма;
— тұз.
Кастрөлге сүт құйып, сары май және 50 грамм секер саламыз, тұз себеміз. Сүт қайнаған соң, жуылған күрішті салып, тағы 30 минут қайнатамыз.
Алманы жуып, тазалап, қабығын ашып, майда бөліктерге бөлеміз. Лимон шырынын, 50 грамм секер қосып, орташа отта пісіреміз.
Піскен алма шырынын басқа ыдысқа құямыз. Алма қоюының үстіне күріш пен ванильді секер салып араластырамыз.
Жұмыртқаны бөлек ыдыста шайқаймыз.
Алма мен күріш араласқан қоспамызды араластыра отырып, үстіне жұмыртқа сұйығын құямыз. Сары маймен майланған қалыпқа дайын болған қоспаны орналастырамыз. 180 градус температурада 30 минут пісіреміз.
Астарыңыз дәмді болсын!
@. @assel_assanova