Бүгінгі мәзірде кексті стақанда қалай тез пісіруге болатынын көрсететін видео ұсынамыз. Құрамы да көп шығындалуды қажет етпейді.
Стақанға аз ғана ұн, үстіне бір жұмыртқа салып, кішкене қант қосамыз да, араластырамыз. Жақсылап қоспа жасаған соң, стақанның ернеуіне арнайы бояғыш қоспасын жағып, түсі біркелкі болғанша араластырамыз. 2 минутқа қысқатолқынды пешке саламыз. Кекс дайын, ас болсын. Қалауыңызша әрлеңіз.