Кез келген ас үйден сірке қышқылын табуға болатын шығар. Ал оның қолданылу аясы өте кең. Оны өздеріңіз байқап көріңіздер:
1. Киімдегі терден қалған ізді кетіреді. Осы дақты киімді жумас бұрын 10 минут сірке қышқылына салып қойыңыз.
2. Ангинаны емдеу. 1 стақан жылы суға 1 ас қасық ас содасын қосып, тамағыңызды шайыңыз.
3. Шашыңыздың саулығын қалпына келтіріңіз. Сусабынмен жуып болған соң 1 стақан суға ½ ас қасық сірке қышқылын қосып, шашыңызды шайыңыз.
4. Бұлшық еттің ауырғанын басады. Шамадан тыс қозғалыстан кейін бұлшық етте сүт қышқылы түзіледі. Ол өз кезегінде ауырсыну сезімін сыйлайды. Осы сезімнен арылу үшін 1 стақан суға 2-3 ас қасық сірке қышқылын қосып, 20 минутқа компресс жасаңыз.
5. Дене қызуыңыз қатты көтеріліп, оны түсіруге дәрілер әсер ете алмаған жағдайда сірке қышқылы көмектеседі. Оныменен денені сүрту керек.
6. Басыңыз ауырған кезде 1:10 пропорциясында вискиге алма сірке қышқылын қосып, екі қастың ортасын, құлақтың артын сүртіңіз.
7. Тауар бағасын алып тастауға болады. Ақ сірке қышқылын жылытып, жапсырманың үстіне құйыңыз. Артынша жапсырма толығымен алынады.
Жалғасы бар ...
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru