Мандариннен жасалған дәмді сусынды ішіп көрдіңіз бе?
Бұл сусынды дайындау үшін бізге:
- 2 мандарин;
- 1 мұздатылған банан;
- 1 стақан сүт;
- 1/3 стақан йогурт;
- 1 шай қасық бал;
- ванилин керек болады.
Дайындау жолы:
Бананды тазартып, кішігірім бөліктерге бөліп, 20 минутқа мұздатқышқа саламыз. Мандариндерді тазартып, блендерге саламыз. Оған мұздатылған банан, сүт, йогурт, бал мен ванилин қосып, блендер арқылы 30 секунд бойы араластырамыз.
Ас болсын!