- Негізгі бет
- Аспаздық
- Шынымен пайдалы 5...
Шынымен пайдалы 5 «тәтті»
Дұрыс тамақтану мен диеталар тәттілермен үйлеспейді деп ойласаңыз, қателесесіз. Үйреншікті рационға қандай пайдалы тәттілерді қосуға болатынын ұсынамыз.
Егер тәттілерді қатты жақсы көретін адамдар қатарына жатсаңыз, олардан мүлдем бас тарту эмоциялық жағдайға зиян келтіреді. Тәттілер көңіл күйді көтереді. Глюкоза энергия өндірісі мен серотонин өңделуіне қажет. Ендеше, құрамында зиянды қанты жоқ пайдалы тәттілерге мән беріңіз.
1. Бал
Бал — тәтті әрі пайдалы өнім. Бірақ оның ағзаға зияны келмес үшін оны мөлшермен жеу керек: балды күніне 1-2 шай қасық жеу ұсынылады. Бал — тазартылған қантқа қарағанда толықтай табиғи өнім. Ол дәрумендер, антиоксиданттар және органикалық қышқылдарға бай. Балдағы А дәрумені сиыр етіндегіге қарағанда 60 есе көп. Алайда бал — күшті аллерген, сондықтан оны абайлап және аз мөлшерде ғана жеу керек.
2. Қара шоколад
Шоколад — көпшілік әйелдің сүйікті «тәттісі». Оның бірнеше кесегінің өзі нағыз антидепрессантты ауыстыра алады. Бірақ шоколадтағы майлар мен зиянды көмірсуларды қайтеміз? Бұл заттар тек сүтті шоколадта бар, ал қара шоколад ағзаға пайдалы. Егер күніңізді шоколадсыз елестете алмасаңыз, оның қара ащы түрін таңдаңыз. Диетологтардың айтуынша, күндізгі норма — 30 грамм шоколад жеу жеткілікті: ол шамамен бір плитканың төрттен бір бөлігі. Оның пайдасы бірден байқалады: артериялық қысым түседі, есте сақтау жақсарады және көңіл күй көтеріледі.
3. Құрма (финик)
Кептірілген құрма — өте тәтті және пайдалы кепкен жеміс. Оның құрамында ағзаға қажетті дәрумендер, жасұнықтар және антиоксиданттар көп. Сондай-ақ, құрма иммунитетті қатайтады, жүкті әйелдерге пайдалы, жүрек-қан тамырлар аурулары қаупін азайтады және Альцгеймер ауруының алдын алады. Ол тазартылған қатқа жақсы балама бола алады.
4. Қаражидек, қарақат және басқа да «қою көк» жидектер
Жемістер мен жидектер — қантты керемет алмастырғыштар және пайдалы тіскебасарлар. Жидектердің көк түсі олардың құрамында антоциан өсімдік пигменттерінің көп екенін білдіреді. Олар жалпы ағзаға және сұлулыққа жағымды әсер етеді: антиоксиданттық әсер береді, бос радикалдармен күреседі, қан тамырлар қабырғаларын қатайтады және көруді жақсартады.
5. Алма
Бұл жеміс кез келген маусымда қолжетімді. Сондай-ақ, оның калориясы аз: қызыл алмаларда 40 ккал ғана бар. Алмалар жасұнықтарға бай, сондықтан олар асқорытуды жақсартады және қарынды тез тойдырады. Ал алманың құрамындағы пектин ағзадан «нашар» холестеринді шығарады және жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысын жақсартады. Алмалардан дайындалған шай жақсы ұйықтауға және күйзелістік жағдайдан арылуға көмектеседі.