Шөлді қандыратын 3 сусын

Ыстықта міндетті түрде көбірек сұйықтық ішу керек. Бірақ барлық сусын бірдей шөлді қандырмайды. Бірінші кезекте, алкольді және тәтті газдалған сусындар тыйым салынады. Дүкенде сатылатын дайын шырындар да шөлді қандырмайды: олардың құрамында қант көп. Әрине, ең дұрысы — қарапайым су ішу. Бірақ мәзіріңізді түрлендіргіңіз келсе, шөлді қандыратын сусындар дайындауға болады.

Шай

Мұз қосылған шай шөлді жақсы қандырады. Қара немесе көк шай дайындауға болады. Көк шай жасмин, жалбыз және даршынмен жақсы үйлеседі. Ал лимон кез келген шайды жақсы толықтырады. Шай суыған соң оған мұз қосыңыз.

Үй лимонады

1 л суға лимон шырынын немесе бірнеше лайм бөлігін қосыңыз. Сондай-ақ оған аздап зімбір тамыры мен жалбыз жапырақтарын саламыз. Соңынан мұз қосуға болады.

Морс

Үй морсында негізі тек жидектер мен су болады. Ол қышқылдау болғандықтан, шөлді жақсы қандырады. Сондай-ақ, мұндай морс С дәрумені мен антиоксиданттарға бай.