Шоколад қосылған қараөрік джемі дәмді тосаптың бірі. Қараөріктің қышқылы мен шоколадтың қанық дәмі керемет үйлесім! Бұл джемді мультипісіргіште немесе қақпағы бар кәстрөлде дайындауға болады. Джемнің дәмі сапалы шоколадтың дәміне тікелей баланысты. Қараөріктің балғын және мұздатылған түрін де қолдануға болады. Қажетті ингредиенттер: - 0,5 кг қараөрік; - 600 г қант; - 50 мл су; - 2 ас қасық какао; - 55 г қара ащы шоколад; - 50 г кілегей майы. Дайындалу жолы: Жуылып, дәнегінен тазартылған қараөріктерді мультипісіргіш тостағанына немесе кәстрөлге салыңыз. Оған 50 мл су құйып, 20 минут шамасында жай отта бұқтырыңыз. Бұл уақыт аралығында қараөріктер жұмсарып, біраз шырын береді. Жұмсарған қараөріктерді блендермен езіңіз. Оған қант қосып, тағы да блендермен араластырып шығыңыз. Одан соң аз отқа 50 минутқа қойыңыз. Джем 30 минут қайнаған соң, какао мен ұсақтап туралған шоколадты салыңыз. Дайын джемге ыстық күйінде кілегей майын салыңыз. Содан соң джемді таза құтыларға құйып, салқын жерде сақтаңыз.