- Негізгі бет
- Аспаздық
- Шиені сүйегінен жылдам...
Шиені сүйегінен жылдам тазарту үшін...
Фото:
rudaki.ru
Жеміс-жидектер пісе салысымен түрлі тосап дайындауға кірісеміз. Бірін құлпынайдан жасасақ, енді бірін таудан теріп келген қарақаттан қайнатамыз. Әдетте ең дәмді тосаптың дайындалу әдісі қиын болады. Әсіресе қарақат пен шиенің.
Кейде ерінетініміз соншалық, шиені сүйегімен бірге қайнатамыз. Оны сүйегінен тазартудың бірнеше әдісі бар. Бүгін соның бірін ұсынамыз. Ол үшін бізге қарапайым әйнек бөтелке мен таяқша қажет. Оны видеодан да бақылай аласыздар.
Бұл тәсілдің арқасында барлығын жылдам әрі таза жасайсыз.
Қ. Бүйенбай