- Негізгі бет
- Аспаздық
- Шайға айналатын күнтізбе...
Шайға айналатын күнтізбе
Күнтізбелер жарнама жасаудың ең ескі көзі ретінде өздерінің оңтайлықтарын әлдеқашан қалыптастырып үлгерді және әлі күнге дейін баспа қағазын тұтынушылары мен бизнестегі әріптестеріне жолдайтын барлық дерлік алпауыт компаниялардың қалыпты практикасы саналады.
Бір айта кетерлігі, барлық дерлік күнтізбелер қағаз бен картоннан жасалып, өнімнің сыртқы суретін ғана құрайды.
Ал “Hälssen & Lyon” неміс шайының өндірушісі дәстүрлі күнтізбелердің сыртқы нобайын сәл-пәл өзгерткісі келіп, нәтижесінде әлемдегі ең бірінші күнтізбе шайын... немесе шай күнтізбесінің үлгісін жасап шығарған.
“Hälssen & Lyon” өнімі 1 миллиметрлі пластинкаға тығыздалған табиғи шай жапырағынан тұрады. Одан кейінгі кезекте үстіне сан мен әріптер түсіріліп, өз кезегінде қажетті тәртіп бойынша қойылып шыққан.
Сурет:hotim-kino.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига