Шай мен кофе туралы қоғамда дау көп. Бірі шайды денсаулыққа зиян деп жатса, бірі керісінше кофені осы қатарға жатқызады. Алайда екі сусынды да қорғап алушылар бар. Ал ғылыми дәйектер не дейді? Таң неден басталу керек? Негізгі түсінік бойынша кофе таңғы ұйқыны ашып, адамға сергектік сыйлайды. Адам өзін еркін сезіну үшін таң атпастан бір кесе кофе ішеді. Ұйқыны ашатын кофенің өзі емес, оның құрамындағы кофеин екенін бірі білесе бірі білмейді. Кофенің құрамында 40 миллиграмм кофеин болады. Ол адамның ағзасына түсіп, оған сергетік және тәннің ләззат алуына алып келеді. Ал шай ше? Кофе ғана ішіп, оның таңертең адамға сергектік сыйлайтынын алға тартып жүрген жандардың құлағына алтын сырға, шайдың да таңертең беретін күші кофемен бірдей. Зерттеу нәтижесінде ғалымдардың қол жеткізгені шайдың да құрамында кофеин болады екен. Шайды эспрессо секілді қатты қайтанып, ащы қылып ішсеңіз дәл сондай сезімді бастан кеше аласыз. Ендеше шай мен кофенің таңға сыйлайтын сергектігі бірдей. Ұйқы жоқ па? Түнімен жұмыс жасайтын адамдар үшін ащы кофенің пайдасы бар. Әрине денсаулыққа емес, бірақ адамға жұмыс істеуге көмектеседі. Миды ұйқыға жібермей ұстап отыруға кофенің әсері бар. Шайға келсек, шайдың бұл жағынан керемет өнері жоқ. Дегенмен жатар кезде бір кесе шай ішіп жату түннің тыныш әрі жайлы болуына көмектеседі. Егер жүйкеңіз сыр беріп тұрса, кофеге жүгірмеңіз. Себебі ол ағзаңыздағы адреналинді оятып жібереді. Сіздің жүйкеңіз одан сайын сыр беріп, ашуға берілесіз. Ал Орта Азия мен Шығыс халықтарының айтуынша, шай адамға тыныштық сыйлайды. Шай әлде кофе?