Қыстан кейін ағзаға дәрумен жетіспеушілігімен күресу қиынға соғады. Сондықтан көктемнің басында иммунитет әлсіз келеді. Бұл кезде жағымсыз салдарлардың алдын алу үшін маусымдық өнімдер көбірек жеу керек: олардың пайдасы молырақ. Рационды түрлендіретін және ағзаға күш сыйлайтын сәуір айының 7 маусымдық өнімін ұсынамыз.
1. Бұйра ақжелкен
Бұйра ақжелкеннің 50 грамының өзі сізді А дәруменінің тәуліктік нормасымен қамтамасыз етеді, ісінуден арылуға және несеп бөлу жүйесінің жұмысын реттеуге көмектеседі. Бұйра ақжелкенде несеп айдағыш әсерге ие эфир майлары бар. Оның құрамында аскорбин қышқылы көп болғандықтан, ол иммунитетті қатайтуға да көмектеседі. Сондай-ақ бұйра ақжелкенде гистидин бар. Бұл аминқышқыл адам ағзасында синтезделмейді, бірақ маңызды процесс — тіндердің қайта қалпына келуіне жауап береді. Ақжелкен термиялық өңдеуден соң өзінің татымды дәмін жоғалтады, сондықтан оны жаңа піскен түрінде жеген жөн. Оны салаттар мен дайын өнімдерге қосқан дұрыс. Сонымен қатар, оны таңғы көкөністі шырынның тұрақты ингредиенті етуге болады.
2. Шалғам
Шалғам дәрумендер (В тобы, РР және С) мен минералдарға (калий, магний, темір және фосфор) толы және оның калориясы өте аз. 100 грамм шалғамда 19 калория ғана болады. Шалғамда аспаздық талшықтар көп, сондықтан ол асқорытуды жақсартуға және аштық сезімін басуға көмектеседі. Аспаздық талшықтар асқазан-ішек жолы микрофлорасын қалыпта ұстау үшін қажет, себебі олар пайдалы бактериялар үшін тағам болып табылады. Шалғамды қабығымен жеген жақсы: оның қабығында антоциандар бар. Олар қабынуға қарсы әсерге ие және жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының даму қаупін азайтады. Бірақ шалғамды аш қарынға жеуге болмайды: бұл кезде іш кебуі орын алуы мүмкін.
3. Қырыққабат
Сәуір — қырыққабаттың барлық түрінің маусымы. Қырыққабаттардың калориясы аз және жасұнықтарға, аминқышқылдарға, калий мен С дәруменіне бай. Қырыққабаттың шырыны бактерицидті қасиетке ие.
4. Қасқыржем (спаржа)
Қасқыржемде тері, шаш және тырнаққа өте пайдалы калий мен А дәрумені бар. Ол артериялық қысымды түсіруге көмектеседі, себебі оның құрамында аспарагин бар. Қасқыржемнің құрамында сапонин органикалық қосылысы болғандықтан, ол қанды тазартады.
5. Асжапырақ (шпинат)
Күніне 50 грамм асжапырақ жеу адамның А және К дәруменіне деген тәуліктік қажеттілігін жауып тастайды. Асжапырақ — ағза үшін нағыз «щетка»: ол ішектерді жақсы тазартады және канцерогендердің негатив әсерін бейтараптандырады.
6. Қымыздық (щавель)
Қымыздық — құрамындағы В1 және В2 дәрумендерінің мөлшері бойынша көкөністер арасында чемпион. Олар ағзадағы ақуыз және май алмасуына жауап береді. Қымыздықта иммунитетті қатайтуға және қандағы холестерин мөлшерін азайтуға көмектесетін аскорбин қышқылы көп. Әсіресе, қымыздық шырынының пайдалы қасиеттері мол. Ол өт айдайтын қасетке ие, сондықтан бауырдың қалпына келуіне ықпал етеді.
7. Құрма (финик)
Құрма — тазартылған қанттан бас тартқан адамдар үшін сүйікті өнім. Құрманың құрамында түрлі антиоксиданттар, минералдар және К дәрумені бар.