Сәресінде сергектік сыйлайтын сусындар

Әр атқан таңда сергек оянып, толағай күшпен іске кірісіп кету кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Көптеген адамдар үшін алдымен есін жиып, қуат жинап алу қажет. Біз бүгін сіздерге сәресінде сергектік сыйлайтын сусындардың жасау әдістерін көрсетеміз. Қайырлы таң, оқырман!

Зере қосылған жеміс шайы

Зере қосылған қара шайды қайнатыңыз, содан кейін алма және алмұрт тілімдерін қосыңыз. Кейін қант немесе бал үстеп, 10 минутқа қалдырыңыз.

Құрамы:

500 мл қара шай 1 алма 1 алмұрт Зеренің бірнеше тұқымы Қант пен бал қалауыңызша


Апельсин шырыны қосылған какао

Апельсин шырынын сығыңыз және оның қабығын үккіштен өткізіңіз. Какаоны қайнатып, оған шырын, үккіштен өткізілген қабық, қант немесе бал қосыңыз. Бұл сусынды, сондай-ақ мұзбен салқындатып беруге болады.

Құрамы:

200 мл какао Апельсиннің жартысы сүт бал немесе қоңыр қант


Корица қосылған шай

Лимон мен қантты арнайы құралмен қажетті консистенцияға дейін араластырыңыз. Қайнап жатқан суға қоспа мен қалампыр және корица таяқшасын салыңыз. Оттан алмай 4-5 минут қайнатыңыз. Кейін оттан алып, үстіне шай сеуіп тағы да 20-30 минутқа қалдырыңыз. Бұл сусынды жылы не суық күйінде ішуге болады.

Құрамы:

3 л су 1 лимон 3 қасық қант 5-6 түйір қалампыр 1 корица таяқшасы 2 қасық шай


Жалбыз қосылған грейпфрут шырыны

1/4 стакан суды қоңыр қантпен араластырыңыз. Кейін арнайы құрал арқылы лимондар мен грейпфрутты араластырыңыз, оған қант шәрбатын мен мұз қосыңыз.

Құрамы

1 грейпфрут 2 тілім лимон 1/4 стакан қант шәрбаты Жалбыз (бірнеше күлте)


Ананастан жасалған сусын

Арнайы құралмен ананас, ақжелкен мен имбирді араластырыңыз. Содан кейін бір стакан су, бал, лимон шырынын қосыңыз.

Құрамы

200 г ананас 200 мл су 2 см имбирь тамыры 1 ақжелкен байламы 1 қасық лимон шырыны 1 қасық бал