Ең алғаш сағызды шығарған Джон Кертис есімді американдық азамат. Ол өзінің зауытын 1848 жылы Бангор қаласында ашты. Бірінші шыққан сағыздың атауы "қант қосылған кілегей" деп аталған. Алайда жергілікті тұрғындар оны ұнатпағандықтан, фабрика амалсыз жабылды. Содан кейін сағызды 1869 жылы Огайо штатында тұратын Уильям Финл Сэмплиз атты тіс дәрігері патенттеп, бірақ сатылымға шығарғанда сәтсіздікке ұшырады.
Сағыз туралы қызықты деректер:
- 23 қыркүйек - сағыздар күні. Өйткені Джон Кертис ең алғашқы сағызын осы күні шығарған.
- Англияда сағызды қоғамдық орындарда лақтырып немесе жабыстырып кетсе, бір тәулікке темір тордың артына қамалады.
- Ал Сингапурда сағызға мүлдем тыйым салған. Егер көшеде сағыз шайнап бара жатқан біреу қолға түссе, қатаң жазаланады.
- Калифорнияның билік өкілдері болса мынадай шешім қабылдаған. Сан-Луис-Обиспо қаласына сағыз жабыстыратын арнайы қабырға орнатқан.
- 1994 жылы Сьюзан Мантгомери сағыздан 58,5 сантиметр шар үрлеп, Гиннесс рекордтар кітабына енген.
Сурет: izhevsk.ru
Оқи отырыңыз:
Жұмыртқаның жеті қасиеті
Алманы тазалаудың тамаша әдісі (видео)
Ұйқы ашатын коктейль
Таяқшамен тамақ ішіп үйреніңіздер