- Негізгі бет
- Аспаздық
- "Сабле" француз печеньесі...
"Сабле" француз печеньесі
Фото:
ReRecept
Дүкендерден шахмат тақтасындай ақшыл-қою түстен тұратын печеньелерді көріп жүрген боларсыз. Француз аспаздары ойлап тапқан бұл тәтті түрі "сабле" деп аталады. Оны үйде дайындау еш қиын емес.
Қажетті азық-түлік:
- 3 Жұмыртқа;
- 200 гр сары май;
- 200 гр қант;
- 200 гр айран (не сүт);
- ұн;
- 3 ас қасық какао;
- ванилин;
- қопсытқыш (разрехлитель);
Дайындалуы:
Майды ерітіп, жұмыртқа, сары май және қант қосып, араластырыңыз. Оған ванилин қосып, қоспаны екіге бөлеміз. Бір бөлігіне какао қосып, екі бөлікке де ұн салып, қолға жабыспайтын күйге енгенше қамыр етіп илейміз. Суреттегідей қалыпқа құйып, 180 градуста қыздырылған пеште 10-15 минут пісіреміз.
Сабле печеньесі дайын. Ас болсын!
@. @assel_assanova