Дүкен сөрелерінде ірімшіктер әр түрлі қалыпта әр түрлі бағамен тұрады. Олардың атауы бір болғанымен, бір-бірінен ерекшелеп тұратын қасиеттері бар. Бір ащы, бірі қатты, енді біреуі көгерген болады. Иә, көгерген ірімшіктерді де жейді, әсіресе италиялық асханалардың мәзірінен кездестіре аласыздар. Олай болса, әлемге кеңінен таралған ірімшіктермен таныс бола отырыңыздар.
Пармезан ірімшігі қатты, сынғыш, дәмі ащы келеді. Оны жұқа кесінділерге бөлу керек және алмұрт, грек жаңғақтары қосылған түрлері шығарылады. Көбіне пастаға, ризоттаға, омлетке қосып жатады. Орташа есеппен 100 граммда 392 калория бар.
Бри – ертеден келе жатқан француз ірімшігі. Кейде "патшалар ірімшігі" деп атап жатады. Дәмі қанша уақыт жетілгендігіне байланысты. Жеміс қосылған бри ең жақсысы деуге болады, саңырауқұлақ қосылғаны да бар. Орташа есеппен 100 граммында 330 калория бар.
Камбоцола (Cambozola) – сиыр өнімдерінен жасалған зеңді неміс ірімшігі. Өндірушілер француздық жұмсақ ірімшік пен итальялық Горгорцоланы біріктіре білген. Дәмі камамбермен ұқсас болғанымен, әлдеқайда қанық әрі ащы болып келеді. Бұл ірімшіктің жанына қауын, жүзім, алмұрт секілді жеміс-жидектерді қойған дұрыс. Иісі де ерекше. Орташа есеппен 100 грам ірімшікті 427 Ккал. бар.
Маскарпоне – итальялық кілегей ірімшік. Дәмге бай, йогуртқа, қаймаққа ұқсас келеді. Орташа есеппен 100 граммында 456 калория бар.
Камамбер – сиыр сүтінен жасалған жұмсақ ірімшік. Бри мен камамбер ұқсас болғанымен, алғашқысы майлы болады.
Дор блю – немістің көгілдір ірімшігі. Оны жаңғақпен немесе жүзіммен жеген дұрыс. Егер дастарқанда ірімшіктің бірнеше сорты тұрған болса, мұны ең соңына қалдырғаныңыз жақсы болады. Орташа есеппен 100 граммында 354 Ккал бар.
Горгонзола (Gorgonzola) — өткір дәмімен ерекшеленетін аса танымал итальяндық ірімшік. Жеңіл, нәзік жаңғақ иісі шығатын өнімнің дәмі өте тәтті болады. Орташа есеппен 100 грамында 250 Ккал бар.
Моцарелла – енеке (сиыр тұқымдас күйіс қайтаратын жануар) деп аталатын жануардың сүтінен жасалады. Қызанақпен, райханмен, зәйтүн майымен жақсы сәйкеседі. Аздаған қара бұрыш қоссаңыз да болады. Орташа есеппен 100 грамында 250 Ккал бар.
Рокфор – француздық танымал зеңді ірімшік. Оны көбіне Cahors, Sauternes, Porto шараптарымен қойып жатады. Орташа есеппен 100 грамында 335 Ккал бар.
Тет-де-Муан – швейцарлық ірімшіктердің төресі. Француз тілінен аударғанда "монахтың басы" деген мағынаны білдіреді екен. Ол жаз айларында сауылған сиыр сүтінен жасалады және үш ай бойы жетіледі. Өткір иісі мен дәмі көптің көңілін жаулап алып жүр. Орташа есеппен 100 грамында 410 Ккал бар.