Протеин коктейлін үй жағдайында дайындау жолы

Протеин коктейлін үй жағдайында дайындау жолы
Фото: vk.com

Өткен материалымызда протеин коктейлі туралы жазған едік. Бұл жолы дайындау әдістерін ұсынамыз.

Классикалық ақуыз протеині

Оны дайындау үшін бізге:

- 350 мл сүт;
- 100 гр сүзбе;
- 4 жұмыртқа ағы;
- 1 банан;
- 1 шай қасық зәйтүн майы;
- 2 ас қасық бал керек.

Сусын көлемі 650 мл болса, протеин 45 граммды құрайды. Барлығын блендермен араластырыңыз.

«Т-72» ақуызды коктейлі

Оны дайындау үшін бізге:

- 200 мл айран;
- 60 гр құрғақ сүт;
- 1 ас қасық тосап;
- 1 шай қасық қант керек.

Мұның бәрін блендермен араластырып, ішіңіз. Коктейль көлемі 280 мл, ал протеин 25 граммды құрайды.

Әйелдерге арналған протеин коктейлі

Оны дайындау үшін бізге:

- 200 мл апельсин шырыны;
- 50 гр майсыз сүзбе;
- жарты банан;
- 25 гр шоколад не какао;
- 1 шай қасық тосап керек.

Мұның барлығын араластырыңыз. Жылы күйінде ішу керектігін ұмытпаңыз. Сусынның көлемі – 330 мл, ақуыз құрамы –10 грамм.

Ф. Абилова