Күнделікті ас жасау барысындағы ең жағымсыз сәттердің бірі - пияз аршығанда еріксіз жылау. Өзіңізді қорлап, бұған жол бермеңіз. Мына кеңестер көмегімен еш жассыз-ақ тамақ даярлай аласыз.
Жүзуге арналған көзәйнектер, линзалар, тіпті кәдімгі күннен қорғайтын көзілдіріктер киіп алсаңыз болады. Пиязды терезенің алдында аршыңыз, желмен бірге оның жағымсыз буланулары да кете қояды. Пияздың тамырын оны тазалап болғаннан кейін кесіңіз. Оның басты "ащы" жері сол. Пияз аршып отырып, бірдеңе шайнаңыз. Бұл ағзаңызда жас шығуға кері процесс тудырады. Қасыңызға майшам жағып қойыңыз, ол жағымсыз иістерді жандырады. Аузыңызға суық су толтырып алыңыз. Оны пияз тазалағанша жұтып қоймаңыз. Пияз аршымас бұрын пышақ пен қолыңызға лимон шырынын жағып қойыңыз. Немесе пышақты, қолыңызды суық суға матырып отырыңыз. Ал пиязды жылдам аршу үшін, оны алдын ала бірнеше секундқа ыстық суға малыңыз.Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: clvr.ru