- Негізгі бет
- Аспаздық
- Пияз, мені жылатпа...
Пияз, мені жылатпа
Күнделікті ас жасау барысындағы ең жағымсыз сәттердің бірі - пияз аршығанда еріксіз жылау. Өзіңізді қорлап, бұған жол бермеңіз. Мына кеңестер көмегімен еш жассыз-ақ тамақ даярлай аласыз.
- Жүзуге арналған көзәйнектер, линзалар, тіпті кәдімгі күннен қорғайтын көзілдіріктер киіп алсаңыз болады.
- Пиязды терезенің алдында аршыңыз, желмен бірге оның жағымсыз буланулары да кете қояды.
- Пияздың тамырын оны тазалап болғаннан кейін кесіңіз. Оның басты "ащы" жері сол.
- Пияз аршып отырып, бірдеңе шайнаңыз. Бұл ағзаңызда жас шығуға кері процесс тудырады.
- Қасыңызға майшам жағып қойыңыз, ол жағымсыз иістерді жандырады.
- Аузыңызға суық су толтырып алыңыз. Оны пияз тазалағанша жұтып қоймаңыз.
- Пияз аршымас бұрын пышақ пен қолыңызға лимон шырынын жағып қойыңыз.
- Немесе пышақты, қолыңызды суық суға матырып отырыңыз.
- Ал пиязды жылдам аршу үшін, оны алдын ала бірнеше секундқа ыстық суға малыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: clvr.ru
С. А