- Негізгі бет
- Аспаздық
- Пиццаны үйде дайындаудың...
Пиццаны үйде дайындаудың бір жолы
Қазір үйде пицца дайындау сәнге айналды. Ғаламтордан кез келген рецептті тауып, әртүрлі пицца жасауға болады. Бүгін назарларыңызға саумалдық пен пармезан пиццасының жасалу жолын ұсынамыз.
Пиццаны дайындау үшін бізге:
- 450 гр ұн;
- 1 шай қасық тұз;
- ашытқы;
- 5 ас қасық зәйтүн майы;
- 1 кг саумалдық;
- ұнтақталған, қара бұрыш;
- үгітілген жұпар жаңғағы;
- 200 гр моцарелла;
- 50 гр үгітілген пармезан (майсыз ақ ірімшік) керек болады.
Дайындау жолы:
Електен ұнды өткізіп, тұз қосамыз. 250 мл жылы суға ашытқы мен зәйтүн майын құйып, араластырамыз. Ұнды қосып, бір тұтас қоспа болғанынша илеңіз. Қамырды пакетке орап, көтерілуі үшін жылы жерге жарты сағатқа қойыңыз.
Саумалдықты тазартып, жуып, дымқыл күйінде табаға саламыз. Қақпағын жауып, орташа отпен пісіріп, жұмсартамыз. Жұмсаған соң кепсерге (дуршлаг) төңкеріп, бұрыш, жаңғақ пен тұздаймыз.
Пешті 200 градуста қыздырыңыз. Қамырды оқтаумен жайып, майланған табаға қойып, бірнеше жерін шаңышқымен тесіп қойыңыз. Қамырдың бетін щетка арқылы зәйтүн майымен майлап шығыңыз.
Моцарелланы кесіп, саумалдықпен бірге қамырдың үстіне жайып шығамыз. Үстінен пармезан үгіндісін сеуіп, 25 минут пісіреміз.
Ф. Абилова