- Негізгі бет
- Аспаздық
- Пиццаны 10 минут...
Пиццаны 10 минут ішінде қалай дайындауға болады?
Назарларыңызға 10 минут ішінде дайын болатын пиццаның қалай жасалатыны туралы мәлімет ұсынамыз.
Бұл пиццаның өзгешелігі – табаға дайындалатындығы. Пиццаға қосатын ингредиенттерді өз қалауыңызға қарай таңдасаңыз болады. Бұл пиццаны дайындау үшін сізге:
4 жұмыртқа
1 шай қасық тұз
1 ас қасық қант
3 ас қасық қаймақ
1 стақан ұн
1 шай қасық ас содасы
2 қызанақ
100 гр. шұжық
150 гр. ірімшік
сұйық май қажет.
Дайындау тәсілі. Жұмыртқа, тұз, қант, қаймақ және ас содасын бір-біріне қосып, жақсылап араластырыңыз. Үстіне ұн сеуіп, бірыңғай қалыпқа келтіріңіз. Табаға жұқалап май жағып, отқа қойыңыз. Таба қызғаннан кейін дайын қамырды табаға құйыңыз. 5-7 минут аралығында қуырып, табаның қақпағын жабыңыз. Дайын болған пицца нанының үстіне қызанақ пен шұжықты майдалап турап салыңыз. Содан кейін үккіштен өткізілген ірімшікті пиццаның үстіне себіңіз. Пицца дайын!
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: kuhnya.org
Г. Бакытбекова