Пицца — әлемдегі ең танымал тағамның бірі. Оны дайындаудың еш қиындығы жоқ секілді көрінеді. Бірақ кей пиццерияға дәмді пиццасы үшін қайта-қайта барғымыз келеді, ал кей жерден оралмастай болып шығамыз. Ендеше, нағыз пицца пісірудің құпиялары қандай?
1. Қамыр бір тәулік тұруы керек
Пиццаның қамырын ашытқы, ұн және судан дайындайды. Бастысы, қамырды 24-48 сағатқа қалдыру керек. Сол кезде пиццаның қамыры үлпілдек және жұмсақ болады.
2. Моцарелла ірімшігін қолдану
Моцарелла — балқу кезінде пиццаның бетінде бірқалыпты жайылатын ірімшіктің жұмсақ сұрпы. Соның себебінен пицца «ауызда еритіндей» жұсақ әрі шырынды болып шығады. Пицца дайындау кезіндегі үлкен қателік — ірімшіктің қатты сұрыпын қолдану. Ірімшіктің мұндай түрлері де жағымды ауыз қуыратын дәм сыйлағанымен, олар нашар ериді және шырындылық бермейді. Оларды да пиццаға қолдануға болады, бірақ оны моцарелламен бірге салған жөн.
3. Томат пастасын пайдалану
Пиццаға кетчуп емес, томат пастасын пайдаланған дұрыс. Кетчуп — құрамында консерванттар мен қоюландырғыштар бар тұздық. Оның орнына піскен қызынақтарды езу жолымен алынған табиғи өнім — пастаны қолдану ұсынылады.
4. Салындыны негізбен бірге пісіру
Пиццаны дайындау технологиясына қатысты пікірлер әртүрлі. Алдымен негізді пісіріп алып, содан соң салманы салатындар бар. Алайда салынды мен негізді бірге пісіруді ұсынамыз. Сол кезде ірімшік созылмалы, ал салынды дәмдірек шығады.
5. Пиццаны өте жоғары температурада пісіру керек
Нағыз пицца пеште пісіріледі. Мысалы: табиғи тасы бар пеш табаны. Онда температура өте жоғары болады. Өте жоғары температурада пицца күйіп кетеді деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ аспазшылар пицца қытырлақ әрі шырынды болуы үшін оны отта қанша ұстау керегін біледі. Бірақ технология бір орында тұрмайды: барлық адам электрлік пештерге үйреніп қалды. Егер пиццаны үйде пісіретін болсаңыз, электрлік пешіңізді ең жоғарғы температурасына қойыңыз.