Панфорте — италиялықтардың ұлттық тәттілерінің бірі. Олар мұны көбіне жаңа жыл қарсаңында дайындайды. Бүгін назарларыңызға осы пирогтың дайындалу жолын ұсынамыз.
Ол үшін:
- 125 грамм орман жаңғағы;
- 125 грамм бадам (миндаль);
- 100 грамм кептірілген өрік;
- 100 грамм інжір;
- 100 грамм қоңыр қант;
- 60 грамм бидай ұны;
- 40 грамм какао ұнтағы;
- 2 шай қасық лимон сығындысы;
- 2 шай қасық ұнтақталған даршын;
- 1/2 шай қасық ұнтақталған жанжабіл;
- 200 грамм бал;
- 40 грамм қант ұнтағы керек.
Дайындалу жолы:
1. Орман жаңғағын қабығынан тазартып, табаға салып қуырыңыз. Ал бадамды үлкен-үлкен бөліктерге бөліп, кептірілген жемістерді майдалап тураңыз. Барлық ингредиентті бір ыдысқа салып, үстіне ұнтақталған лимон сығындысын себіңіз. Одан кейін ұнды дәмдеуіштермен және какаомен араластырып, дайын болған қоспаны кептірілген жемістерге қосыңыз.
2. Кішкентай табада бал мен қантты араластырып, қоспаны баяу отқа қойып, қайнағанша күту керек. Содан соң ыстық шәрбатты жаңғақтар мен кептірілген жемістердің үстіне құйып, жылдам араластырыңыз. Тезірек қимылдамасаңыз масса жылдам қоюланады.
3. Пирог шамамен 30-35 минутта дайын болады. Дайын болған соң үстіне қант ұнтағын себуді естен шығармаңыз. Бұл пирогты дайындау біраз уақытыңызды алғанмен, дәмі тіл үйірерлік тағам екеніне сеніңіз.