Дүкен сөрелерінен кезігіп жүрген помело жемісіне қызығушылық танытатындар аз. Күнделікті өмірде апельсин, мандарин, экзотикалық жемістерді қолданып үйреніп қалғандығымыздан болар, жаңаша толқындағы цитрус өсімдігінен бойымызды аулақ ұстауға асығамыз. Бірақ қателесеміз. Өзге жемістер секілді помело цитрусының да біз білмейтін қырлары жетерлік.
Қытай елі помело цитрусынан көптеген дәрі-дәрмек өндіреді. Қан қысымы жоғары адамдар осы жемісті жиі қолданатын болса, ауруынан айығатынына дәрігерлер уәде етеді. Себебі помело цитрусында иммундық жүйені қалыпқа келтіретін көптеген дәрумен бар. Ағзамыздағы вирустарға қарсы әсерін білдіріп, қан қысымын қалыпқа келтіретін күшке ие жемісті цитрусты жемістерге аллергиясы бар адамдар қолданбағаны абзал.
Калориялық жағынан алғанда «помело» жемісі – диета сақтаудың ең ұтымды жолы. Себебі 100 граммдық жеміс құрамында бар жоғы 32 ккал кезігеді.
Қытай елінде «помело» жемісіне деген құрмет жоғары. Негізгі Отаны – Қытайдың оңтүстік бөлігі және Кука аралдары.
Көптеген қорғаушы крем құрамында кезігетін жеміс құрамын үй жағдайында да қолдануға болады. Жеміске лимон сығындысы мен бал қосып араластырып, төрт сағат құрамында теріге жағып қойып, кейінен жақсылап көк шаймен сүртетін болса, өз нәтижесін бірнеше қолданыстан кейін көрсетеді.
Шырын, дәмдеуіш ретінде қолданылатын бұл дүниенің біз білмейтін қырлары жетерлік. Сол себептен дүкен сөрелеріне жаңадан келген жеміс-жидектің құрамын біліп, қолдануға асығайық.