- Негізгі бет
- Аспаздық
- Өзге елдің ұлттық...
Өзге елдің ұлттық тағамдары
Дастарқанда қазы-қарты, жал-жая, кұрт-ірімшік, бауырсақ самсап тұрғанда, жер жаһанда қазақтың ұлттық тағамдарынан асатын ас болмас деп ойлаймыз. Алайда бұл ойымызға сенімді болу үшін өзге елдердің асханасына да шолу жасаған жөн.
Үнді сериалдарын күн сайын көрмесек те, көзіміз шалып қалғанда дастарқанына бұрын естіп-білмеген неше түрлі тағамдар әкеліп қойып жатады. Солардың ішіндегі ең атақтысы әрі дәмдісі Тали (thali) тағамы. Ол – күріш, ерекшелігі – жанына жасымық сорпасынан бастап неше түрлі соус беріледі.
Кәрістер асханасы аздап қытай халқының тағамдарына ұқсайды. Өзіндік ерекшеліктері де көп. Кәріс халқының ұлттық тағамдарының бірі – Синсолло. Ол көп адамға арналған әрі тойымды тамақ. Құрамында сиыр еті, бауыр, саңырауқұлақ, сәбіз, қуырылған жұмыртқа бар, оған грек жаңғағы да қосылады.
Француздар – нағыз тәтті құмар халық. Оған өзге емес, круассан мен макарон печеньесі барша елге танымал болуы дәлел. Сонымен бірге "Эскарго" асы да олардың ұлттық тамағына жатады. Жүзімді, шарапты, сарымсақты және басқа да соустар қосылып әзірленетін ұлуларды француздар сүйіп жейді.
Жалғасы бар...
@. @assel_assanova