Өнімнің өмірі ұзақ болсын десеңіз...

Бүгін сіз бен біз түрлі жемістер мен тағам өнімдерін суықтан не бүлінуден қалай сақтау керектігін талқылаймыз. Ендеше, бастадық!

Өнімдердің өмірін ұзартып, біраз уақыт сақтағыңыз келсе, алдымен мына ережелерді қатаң сақтаңыз:

Бөлме температурасында: авокадо, өрік, банан, цитрустар, сарымсақ, киви, қауын, жеміс сусындары, пияз, алмұрт, шабдалы, қараөрік, ананас, картоп. Тоңазытқышта: алмалар, ірі бұршақтар, бүлдірген, орамжапырақ, сәбіз, түрлі-түсті орамжапырақ, балдыркөк, шие, жүгері, қияр, асқабақ, зімбір, жүзім, жасылжапырақты көкөністер, саңырауқұлақтар, кәдіштер.

 

Егер пияз 8 айға дейін бүлінбесін десеңіз, оны шұлыққа сақтап, іліп қойыңыз!

Егер туралған көк пиязды ұзақ уақытқа сақтағыз келсе, оны пластикалық бөтелкеге салып мұздатқышта ұстаңыз. 

Пиязды картоппен бірге сақтамаңыз. Өйткені картопқа қарағанда пияз тез бұзылады. Одан да оны қалыпты ауа температурасында құрғақ жерде сақтаңыз.

Картоптың көгермегенін қаласаңыз, оны алмамен бірге сақтаңыз

Бір солған алма басқаларын да бүлдіреді. Дереу алып тастаңыз!

Ірімішіктің кесілген тұсы құрғап қалмас үшін оған сарымай жағып қойсаңыз болады

Бананның ғұмырын 3.5 күнге созу үшін оның ұшын ас таспасына орап қою керек

Жаңғақтарды сатып ала салып-ақ қуырып алу керек. Қуырылған жаңғақтар өз дәмін сақтайды және ұзаққа шыдайды

Сақтаған өніміңіздің өмірі ұзақ болсын!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: wowfacts.net, ru.wikipedia.org