Өмірді ұзартатын 5 қолжетімді өнім

Қартаю — ұзақ процесс, бірақ адамдардың көпшілігі 25 жастан асқанда ағзасындағы өзгерістерді сезе бастайды. Әжім, алғашқы ақ шаш, күңгірт бет терісі: бұлардың бәрі ағза қосымша көмекті қажет ететінін білдіреді. Дұрыс тамақтану — өз өміріңізді ұзартудың және оның сапасын жақсартудың ең қолжетімді әдісі. Қартаюды баяулату үшін рационға қандай өнімдер қосу керек?

Жаңғақтар

Жаңғақтар пайдалы майларға, ақуыздарға, аминқышқылдарға және түрлі дәрумендерге, соның ішінде, ретинол, Е, В, С дәрумендеріне бай. Сондай-ақ олардың құрамында денсаулықты сақтауға көмектесетін йод, мырыш, фосфор және басқа да минералдар бар. Жаңғақтарды жүйелі түрде жеу «жаман» холестерин деңгейін төмендетеді және жүрек-қан тамырлар аурулары қаупін азайтады.

Сарымсақ

Ол бұрыннан аспаздықта да, медицинада да қолданылады. Сарымсақ ішектегі патогенді микрофлорадан арылуға көмектеседі және зат алмасу процестерін жылдамдатады. Сондай-ақ ол иммунды жүйені қатайтады және қан тамырлар қабырғасын иілгіш етеді. Ал ол инфаркт пен атеросклероздың пайда болу қаупін азайтады.

Брокколи

Брокколи жеу қуық қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады және өмір ұзақтығына әсер етеді. Бұл фактті Гарвард мектебінің ғалымдары дәлелдеген. Рационыңызға брокколи қосу арқылы өзіңізді қатерлі ісіктен қорғап қана қоймай, көз және жүрек-қан тамырлар жүйесі саулығын сақтай аласыз.

Майлы балық

Майлы балық майда еритін А және D дәрумендерінің негізгі көзі болы табылад. Албырт, скумбрия, тунец және басқа да балықтар жүрек жұымысын жақсартатын және ми қызметін қалыпта ұстайтын омега-3 қышқылдарына бай. Балықта денсаулыққа өте пайдалы жоғары сапалы ақуыз да бар.

Зәйтүн майы

Зәйтүн майы адам денсаулығына өте пайдалы. Мысалы, оның құрамындағы олеин қышқылы ісіктер пайда болуының қаупін азайтады. Ал Е және К дәрумендері ағзаны созылмалы аурулардан қорғайды. Сондай-ақ зәйтүн майын жиі қолдану инсульт мүмкіндігін бірнеше есеге азайтады.