- Негізгі бет
- Аспаздық
- Оливье салаты дәмді...
Оливье салаты дәмді болсын десеңіз...
Жаңа жылға арналған дастарханды оливье салатынсыз елестету мүмкін емес. Оны XIX ғасырда алғаш рет Люсьен Оливье есімді бас аспаз ойлап тапқан. Алайда ол кезде бұл салаттың құрамы мүлдем басқа болатын. Ал Кеңес одағы кезінде адамдар оның дайындалуын жеңілдеткенмен, ол дәмді әрі танымал салаттың қатарынан түскен жоқ. Оливье салатының дәмді шығуына көмектесетін кеңестер ұсынамыз.
- Ет. Салаттың дәмі 70%-дай осы ингредиентке байланысты. Көпшілік бұл салатқа пісірілген шұжық немесе тауық етін пайдаланады. Әрине, сізге не отбасыңызға осы ингредиенттермен ұнаса, олай да дайындауға болады. Бірақ негізі бұл салат сиыр етімен дәмдірек шығады.
- Сапалы майонез. Көпшілік салатқа көп майонез кететіндіктен оның арзан түрін таңдай салады. Бірақ майонез сапалы әрі дәмді болған сайын салат та керемет шығады. Сондықтан майонездің сапалы қою түрін сатып алыңыз. Ал майонезді үйден жасасаңыз, тіпті, жақсы.
- Пияз. Көпшілік оливье салатына пияз қоса бермейді. Әсіресе, үйде кішкентай балалар болса, олар салаттағы пиязды ұната қоймайды. Алайда егер отбасыңыз пиязы бар тағамды жақсы көрсе, салатқа оны қосқан жөн. Себебі ол салатқа ерекше дәм береді. Салатқа пиязды жай қоса салмай, оны мариндтап алыңыз. Ол үшін пиязды ұсақтап турап, оның үстіне қайнаған су құйып, аздап сірке суы мен пияз саласыз. Бұл маринадтың тоңазытқышта 2 сағаттай тұрғаны жақсы. Алайда пияз қосылған салат ұзақ сақталмайтынын ескеріңіз. Сондықтан салатты көп жасап қоймаңыз.
- Көкөніс. Салаттың үйреншікті құрамына (картоп, сәбіз, жұмыртқа, бұршақ және т.б) аскөк сияқты шөптер қосу арқылы оның дәмін айқындауға болады. Сонымен қатар оған тұздалған қиярмен бірге балғын қияр қосыңыз. Сол кезде салатыңыздың дәмі де, түсі де жақсы болып шығады.
- Қара бұрыш. Оливье салатын қара бұрыш өте дәмді етеді. Сондықтан жаңа жылдық отырысқа азық-түлік аларда тізімге қара бұрышты қосуды ұмытпаңыз. Үйде қара бұрыш болмай қалып, олсыз жасай салмаңыз.
А. Жапатова