- Негізгі бет
- Аспаздық
- Нашар тағам көңіл-күйді...
Нашар тағам көңіл-күйді түсіреді
Егер сіз ірімшік қосылған картоп фриі көңіл-күйімді жағымды жағына өзгерте алады деген пікірде болсаңыз, тағы да бір рет жақсылап ойланып көріңіз! Ойлана отырып, Пенсильвандық университет зерттеушілерінің тұжырымына да құлақ түріп көріңіз демекпіз. Неге дейсіз бе? Өйткені, таяуда аталған университеттің бір топ ғалымдары зиянды тағамдардың адам көңіл-күйін нашарлатып жіберетіндігін дәлелдеп шықты. Бұл жерде тағамның дәмді екендігіне назар аударудың қажеті жоқ.
Университет зерттеушілерінің айтуынша, бұл пайымдау әсіресе қаншалықты мөлшерде тағам жейтіндіктерін уайымдайтын әйел затына өте қатысты болып келеді екен.
Сараптама барысында студент жасындағы 131 қыз баласы көңіл-күй мен өздері күнделікті тұтынатын тағамға қатысты компьютерлік тестен өткен. Олар бұл зерттеу жайлы хабарсыз болды және артық салмақ мәселесінен ада бойжеткендер таңдап алынған. Олар шыққан қорытындыға қарап аң-таң болып, мойындамасқа шаралары қалмайды.
Мұндай зерттеулер биыл ғана қолға алынып отырған жоқ. Былтырғы жылы да осындай шара жүргізілген болатын. Нәтижесінде, адамдардың 51 пайызының нашар тағамдардың әсерінен күйзеліске ұшырайтындығы жария етілді.
Суреттер:byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева