Бүгінде кофе жасаудың көптеген әдістері бар. Оны туркада не кофе қайнатқышында әзірлесе болады. Алайда қазірде оның заманауи және жеңіл әдістері де бар. Сонымен, нағыз кофені қалай қайнатады?
Жұпар иісті, ыстық, сергітетін кофені қайнатамын десеңіз, мына нәрселерге көңіл бөліңіз.
Кофе әзірленетін су таза болуы керек. Құбыр суын емес, фильтрленген су қолданыңыз. Бұл кофенің дәміне қатты әсер етеді. Нағыз кофе тым ыстық болмауы тиіс. Қайнап тұрған суды сәл суытып алып қолданған дұрыс. Кофе әзірлеуде жаңа ұсатылған дәндерді қолданыңыз. Ұсатылғаннан кейін бірнеше сағат өткенде, кофе өзінің табиғи дәмін жоғалта бастайды. Сондықтан алдын ала ұсатылған кофені сатып алмай, дәндерді кофе ішердің алдында ұсатыңыз.
Енді тек кофені әзірлеу әдісін таңдау қалды.
Расында, дұрыс қайнатылған кофе ғана ерекше дәм мен жұпар иіске ие болып, пайдалы қасиеттерімен де бөлісе алады.
Ал сіз кофені қалай қайнатасыз?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: veter-stran.ru, coffee.org, tidaily.com