- Негізгі бет
- Аспаздық
- Нағыз кофе қайнатайық...
Нағыз кофе қайнатайық
Бүгінде кофе жасаудың көптеген әдістері бар. Оны туркада не кофе қайнатқышында әзірлесе болады. Алайда қазірде оның заманауи және жеңіл әдістері де бар. Сонымен, нағыз кофені қалай қайнатады?
Жұпар иісті, ыстық, сергітетін кофені қайнатамын десеңіз, мына нәрселерге көңіл бөліңіз.
- Кофе әзірленетін су таза болуы керек. Құбыр суын емес, фильтрленген су қолданыңыз. Бұл кофенің дәміне қатты әсер етеді.
- Нағыз кофе тым ыстық болмауы тиіс. Қайнап тұрған суды сәл суытып алып қолданған дұрыс.
- Кофе әзірлеуде жаңа ұсатылған дәндерді қолданыңыз. Ұсатылғаннан кейін бірнеше сағат өткенде, кофе өзінің табиғи дәмін жоғалта бастайды. Сондықтан алдын ала ұсатылған кофені сатып алмай, дәндерді кофе ішердің алдында ұсатыңыз.
Енді тек кофені әзірлеу әдісін таңдау қалды.
Ең танымал әдіс - кофені туркада қайнату. Бұл үшін сізге сапалы, тар ауызды турка алған жөн: осылайша кофенің табиғи жұпар иісі мен дәмі кетіп қалмайды. Турка жасалынған материал да маңызды. Аса қымбат емес, сонымен қатар берік түрлері - мыстан жасалынғандарын таңдаңыз. | |
Френч-преспен кофе әзірлеу де қазірде үлкен танымалдыққа ие болып жатыр. Бұл құралдың жұмыс жасау принципі қиын емес. Суға салынған ұсатылған кофе дәндері бірнеше минут тұрып, кейін поршеньмен сығылады. | |
Заманауи электро аспаптарды қолданып та кофе қайнатуға болады. Кофе қайнатқышта бу мен су қысым астында болады, бұл кофенің дәмі ерекше болуына кепіл береді. Сондай-ақ электроқұралдарда кофені артық қиындықсыз бірнеше минутта қайната аласыз. Кофенің дәмін одан әрі ерекше қылу үшін қосымша кофені суға бұқтыру, стақанды алдын ала қыздыру, кофенің қоюлығын, температурасын таңдау сынды мүмкіншіліктер бар. |
Расында, дұрыс қайнатылған кофе ғана ерекше дәм мен жұпар иіске ие болып, пайдалы қасиеттерімен де бөлісе алады.
Ал сіз кофені қалай қайнатасыз?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: veter-stran.ru, coffee.org, tidaily.com
С. А