Таң атпастан тұрып, ұйқыңыз сергек болу үшін бір шыны аяқ кофе ішу пайдалы. Өйткені кофе адамға сергектік қана емес, жақсы көңіл-күй де сыйлай біледі. Тек қазіргі оның түрі көп. Бірі – ұнтақ түрінде дайын өніп болып шығатын жасанды жағы болса, бірі – таза кофенің өзі. Сондықтан таза әрі сапалы дүниені пайдалануға кеңес береміз. Ендеше кофе дайындаудың ең жақсы әдістерін ұсынамыз.
Өте дәмді әрі сапалы кофені дайындау үшін ең алдымен оның суына мән беріңіз. Таза су болғаны жөн. Краннан алынған су кофенің дәмін өзгертіп жібереді. Сондықтан сүзгіден өткен суды пайдаланыңыз.
Кофе шәй емес, ұмытпаңыз. Асықпаңыз, отын аз қойып күтіңіз. Кофенің аз ғана от үстінде ұзақ қайнағаны дұрыс.
Тұзы қосыңыз! Иә, шынымен таң қалмаңыз, тұз қосыңыз. Бірақ қалыпты мөлшерде ғана. Тұз кофедегі қышқыл дәмді бұзып, екеуара әркеттескеннен кейін сіз оның дәмін басқаша сезінесіз.
Тұз және зімбір қосыңыз. Қорықпаңыз, бұл дәмдеуіштер кофеңізді қоймалжың затқа айналдырмайды, керісінше дәмін келтіреді.
Қант
Тұз қосқаннан кейін қантты қосу біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ кофенің дәмін де келтіретін – қант. Сондықтан қанттың ұнтақ түрін емес, шақпақ түрін пайдаланыңыз.
Ұзақ әрі аз от үстінде қайнату керектігіні жоғарыда айтып өткеніміз сондықтан. Себебі кофе қатты қайнап кетсе дәмі бұзылады. Ал бұл бүкіл жұмыста басынан қайта бастауға тура келеді деген сөз.
Кофе дайын болған кезде алып-ұшып ыдысқа құймаңыз. Кем дегенде отыз секундтай тұрсын, суысын. Бұл ең дұрыс әдіс.
Асыңыз дәмді болсын!