Мына тағамдарды аш күйде жеуге болмайды

Мына тағамдарды аш күйде жеуге болмайды

Асқазан ауруларына шалдықпау үшін аш қарынға кез келген тамақты іше беруге болмайды. Бүгін сондай тағамдарға тоқталамыз:

Банан

Құрамында магний көп болғандықтан, аш қарынға банан жеу адам ағзасындағы магний-кальций тепе-теңдігін бұзады. Ал бұл жүрек-тамыр ауруларына апарып соғуы мүмкін.

Апельсин

Апельсинді аш қарынға жесеңіз, асқазаныңыз газдар мен қышқылға толып кетеді.

Салқын сусындар

Олар асқазан мен ішекті тітіркендіреді. Нәтижесінде ферментативті реакциялар бұзылуы ғажап емес. Ал әйел адамдардың етеккір нормасы бұзылуы мүмкін.

Долана

Долананың құрамындағы органикалық, май және лимон қышқылдары асқазан сөлін бөледі. Нәтижесінде асқазан газдар мен қышқылға толып қалады.

Йогурт

Аш қарынға йогурт жесеңіз, барлық пайдалы қасиетін жоғалтады. Оны тамақтанып болған соң 2 сағаттан кейін немесе ұйықтар алдында жеу керек.

Тәтті картоп

Тері илеуге қолданылатын қышқыл мен пектин де асқазан сөлін бөледі.

Құрма

Құрманың құрамында да тері илеуге қолданылатын қышқыл мен пектин баршылық. Олар асқазан сөлімен араласып, онда тастарының пайда болуына әсер етеді.

Қызанақ

Қызанақ та құрманың реакциясын қайталайды.

Қант

Қант тез сіңетіндіктен, адам ағзасы қан құрамындағы қантты қалыпта ұстау үшін жеткілікті инсулинді бөле алмайды. Бұл көз ауруына апарып соғуы мүмкін.

Сарымсақ

Сарымсақтың құрамындағы аллицин асқазан мен ішекті тітіркендіріп, іш ауруына әкелуі әбден мүмкін.

Сурет: rakuten.com

Ұқсас жазба:

Арықтауға көмектесетін салат

Ф. Абилова